Культура

Ш.Байділдиннің «Өнер сыры – өрнекте» атты көрмесі шымылдығын түрді

Шөптібай Байділдин – ұстаз, шебер, өнертанушы, қоғам қайраткері. Еңбек жолын Амангелді ауданының «Родник» кеңшарында құрылысшы, механизатор болып бастаған. «Қазақ тілі» қоғамында жұмыс істеді.

Бүгін сәндікқолданбалы өнер шебері, қолөнерші Шөптібай Байділдиннің көрмесі ашылды. Қазақ халқының арасында кең қолданысқа ие өнердің көне әрі күрделі түрі  оюөрнек. Ол киім үлгісін, не болмаса сәндік, тұрмыстық бұйымдарды нақыштап безендіруге қолданылады. Мәдени құндылықтарды сақтап, ұрпақтанұрпаққа жеткізіп келе жатқан ұстазымыз, Шөптібай ағамызға адал да, ерен еңбегіңіз үшін алғысымызды білдіреміз, – деді Қостанай облыс әкімдігінің мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Мэлс Абдрахманов.

Шөптібай Байділдин  оюөрнек жасаумен қырық жылдан аса уақыттан бері айналысады, қазақтың ою-өрнектері туралы, олардың мәнмағынасы туралы «Қазақтың ою-өрнектері», «Ою ой, өрнек сал» кітаптарының авторы.

Бала күнімдегі сүйікті істерімнің бірі ою ойып, кітап оқу еді. Әкемнің Сейітқасым деген інісі болды. Жылқының терісін илеп, торсық жасап, таспа өретін. Осы кісі мені ағаш шебері кәсібіне  баулыды. Етікшілікті де үйретті. Шеберлікке баулыған екінші бір адам  Самұрат деген ағамыз. Қолынан келмейтіні жоқ еді. Кез келген материалыңызды кәдеге жарататын. Міне, осы екі кісінің өнегесі менің бойыма өнер болып қонды. Кейін есейген шағымда, атақты ғалым Сейіт Кенжеахметовтен тәлім алдым. Ол кісі қазақтың мәдениеті мен өнері жайында 34 кітап жазып, артына өшпес із қалдырды. Әкем де, аталарым да он саусағынан өнері тамған ұста, шебер, аңшы жандар болған. Анамның шеберлігі өз алдына. Осының барлығын көріп өстік,  дейді шебер.

Шебер жаңа оюөрнектердің 1500дей түрлерін жасаған. Оюөрнектері Қазақстанда, 1992 жылы Түркияда, 1996 жылы Америкада өткен Атланта Олимпиадасында қойылған. 2009 жылы Шөптібай Байділдин «Қазына» сыйлығының иегері болды.

Өнердің асыл мұрасы оюөрнектер. Бүгін көрмеге ұсынылған жұмыстарым 2020 жылы пандемия орын алған кезде салынған.  Ешқандай эскиз де, алдын ала дайындық та жоқ  бірен қағазды не матаны қолыма алып, қиып, ойып шығарамын. Әр оюөрнек қайталанбас туынды. Ойымдағы өрнек матаның бетіне өздігінен өрбіп шығады. Бұл өнерде атамекеннің бүкіл табиғаты, халқымыздың өткені, жан дүниесі, ішкі әлемі жатыр. Мен сол әлемді армансыз аралап жүрген жандай сезінемін. Қазіргі кезде балаларым менің өнерімді іліп алып, жалғастыруда ,-дейді қолөнерші.

Оюөрнектері республикалық «Мәдени мұра», «Мәдениет», «Жұрағат», «Арай», «Алға» басылымдарында жарияланды. Астанада Тұңғыш Президент музейінде, Астана, Алматы, Қостанай, Арқалық қалаларындағы мектептерде дербес көрмесі ұйымдастырылды.

Сәндікқолданбалы өнер шебері, қолөнерші Ш.Байділдиннің «Өнер сыры  өрнекте» атты көрмесі бір ай бойы жұмыс істейді.

 

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,

суреттерді түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77