Новости Образование

Үш мыңнан астам түлек ҰБТ-ның бірінші күнінде өту балын жинай алмады

13 068 түлектің тестілеуге қатысуы жоспарланып, 12 772 адам өтті

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде 3 434 оқушытиісті өту балдарын жинай алмады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды holanews.kz тілшісі.

Әділет Тойбаев ҰБТ бірінші күнінде 13 688 бітірушіге тест тапсыруды жоспарлағанын, алайда 12,772 адам өткенін атап өтті.

–Бірінші кезекте ҰБТ-да орыс тілінде 1411 түлек, 11 361 адам қазақ тілінде тапсырты. Бес пән бойынша орташа балл көрсеткіші 74,2 болды. 9 338 үміткер өткен баллды алып шықты, ал 3 434 – тиісті балды жинай алмады, – деді ол.

Алғашқы кезекте тапсырғандар ішінен тек бір ғана оқушы жоғарғы көрсеткіш көрсетті. Ол ҰБТ-дің 140 балынан 137-ін жинады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандабілім грантына үміткерлерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 маусым мен 30 маусым аралығында өткізіледі. Тестілеуге 117 242 түлек қатысады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77