Қаламызда ағымдағы жылдың жоспары бойынша автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары басталады
Қостанай қаласы көшелерінің ұзындығы 402,9 км., оның ішінде республикалық маңызы бар 12 км, облыстық маңызы бар 7,5 км., қалалық маңызы бар 383,4 км., құрайды.
Облыстық және қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі – 312,2 км. (78 %), оның ішінде (жақсы- 291,95 км, қанағаттанарлық – 20,25 км.), қанағаттанарлық емес жағдайда – 90,7 км(22 %) құрайды. Бүгінгі күні автомобиль жолдарын жөндеу бойынша негізгі басымдылық, асфальтбетонды жабындымен 100% қамту үшін топырақ және қиыршық тасты пайдалана отырып, жолды толық асфальттау қолға алынбақ.
2019-2020 жылдар аралығындағы құрылыстың екі жылдық жобасы шеңберінде Гашек көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралығындағы Чкалов көшесін қайта жаңартужоспарлануда. Абай даңғылы арқылы, Чкалов көшесінқайта жаңартудағы негізгі мақсат – Карбышев көшесінің өнеркәсіптік бөлігі мен «КЖБИ» ауданы арасын көлік қатынасымен қамтамасыз ету болып табылады.
Жобада инженерлік желілерді ауыстыру, асфальтбетонды жабынды ауыстыру және абаттандыру элементтерін орнату, оның ішінде тротуарлар, павильондар, көшені жарықтандыру, шағын сәулет нысандары және өзгеде жұмыстар қарастырылған.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы көлік инфрақұрылымын дамыту және аула аумақтарын абаттандыру бойынша 2,7 млрд теңге сомаға жұмыстарды орындау жоспарлануда. Қаланың 43 көшесін немесе 28,5 км және 50 аула аумағын жөндеу жоспарда бар.
Көшелерді қайта жаңартуға 700 млн теңге қарастырылған. Қайта өңдеу әдісімен көшелерді орташа жөндеуге 1,1 млрдтеңге, аула аумақтарын жөндеуге 900 млн теңге бөлінбек.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттер мұрағаттан алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77