Біздің Қостанай Социум

Шағын орталықта бата беру сайысы өтті

«Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Қарты бар үйдің шырағы еш сөнбейді. Бата айтылатын үйден ырыс – несібе, береке арылмас.

Салт – дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателспейміз. Бата арқылы кейінгі ұрпақтарымызға үлгі болу мақсаты көзделіп, Қасиетті Рамазан айы қарсаңында «Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебі» жанындағы шағын орталықтың «Жұлдыз» тобының тәрбиешісі Гүлжанат Сулейманованың ұйымдастырған «Аталар айтқан ақ бата» атты баталар сайысы өтті.

Сайысқа «Жұлдыз» тобын тәрбиеленушілерінің аталары қатысты. 10 қариямыз әр түрлі тақырыпта, ұлттық нақыштағы киімде өз баталарын видеоға түсіріп, жіберді.

Бұл сайысқа Қазақстанның бірнеше облыстарынан аталар қатысты: Түркістан, Тараз, Ақмола Қостанай.

Сайысқа осы аталар қатысты: Муханов Мейрам, Қасымбеков Аманбала, Жамитов Аяпберген, Шалгимбаев Данияр, Жангабылов Батырбек, Бегежанов Қарымжан, Ергалиев Ромазан, Менлибеков Мұратбек, Дастанұлы Ноғай.

Үш жүзге пір болған, Марал ишанның ұрпағы , 95 жастағы Дастанұлы Ноғай атамыз жеңіске жетті.

Барлық қатысқан аталарымызға ұжымның атынан мың алғыс! Ғұмырлы болыңыздар!

Рабиға Тенелова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77