Біздің Қостанай Социум

Шомылу кезеңі басталғаннан бері қайлы оқиғалар орын алуда

Ресми шомылу органдарында суға батудың 3 фактісі тіркелген

Қостанай облысының аумағында 8000 – нан астам су қоймалары бар. Оның ішінде 228 орында тұрғындар шомылып жатады. Ағымдағы жылда жалпы 12 жазатайым оқиға тіркелді.

– Биылғы жылы профилактикалық шараларға қарамастан жылдың басынан 12 адам суға кетті. Оның сегізі суға шомылумен байланысты. Былтырғы жылы 17 адам суға батып кеткен болатын, ал оның үшеуі жасөспірім. Суға шомылу маусымы кезінде 12 адам қайтыс болды, – дейді Қостанай облысы ТЖ департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасынның аға офицері Құрманғазы Тәуекелов.

Биылғы жылы суға шомылу басталғаннан бері облысымыщда 32 құтқарушы арнайы орындарда отыр. 15 жүзу құралдары, сегіз автокөліктер бар. Оған қоса ең қауіпті деген жерлерге мобильді посттар қойылды. Екеуі Қостанай қаласының өзінде орналастырылған.

Тұрғындар арасында 37 мыңнан астам бүктемелер таратылды. Апатты алдын алу үшін 415 қауіпсіздік белгілері және 65 ақпарттық стенд орнатылды. Қостанай облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері бірлескен рейдттер барысында 186 заң бұзушылықтарды анықтап, 126 тұрлғаға жалпы соммасы 1 миллион 64 мың теңге айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды. Қаншама түсіндіру іс – шаралары жүргізіліп, түрлі шаралар қолданылса да, қайғылы оқиғалар болып жатады.

Ая ЖАСДӘУРЕНҚЫЗЫ,
сурет газеттің
архивинен алынған


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77