COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

102530

Выздоровевших

107659

Зарегистрированных случаев

3478

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1699

Летальных случаев

Новости Социум

Сиқыр құпияға толы бір әлем

Талапты жастың арманы асқақ

Елбасының 2019 жылды – жастар жылы деп белгілегені баршаға аян болса керек. Биыл жастарға ерекше назар бөлініп, оларды әлеуметтік жағынан қамту мақсатында жан-жақты жұмыстар да жүргізіліп жатыр.

Бүгінде елімізде шет тілдерді еркін меңгерген білікті де талапты жастар жеткілікті. Оның сыртында кішкентайынан ғылымға, спортқа, өнерге бейім болып, сол жолда талмастан-таймастан еңбек етіп жатқандары қаншама.

Менің бүгінгі кейіпкерім Сәкен Кәрімжан да өңіріміздің өнерлі жастарының бірі. Ол әулете ән шырқап, немесе спорттың бір түрінен чемпион атанбаса да өзінің сиқыршылық жағынан танытып жүрген жастардың бірі. Ол сиқыр көрсетіп, кез-келген жанды еріксіз таңдай қақтырады.

Жалпы, сиқыр дегеніміз қаншама жылдардан бері ешкім шешімін таба алмаған тылсым әлем болса керек. Оны көрген адам тек таңданысын білдіріп, оның қалай жасалатындығын түсінгісі келеді.

Ал былай алып қарасаңыз сол сиқырды жасау қиынның қиыны. Оны меңгеру үшін адамға алдымен көз ілеспес шыпшаңдық қажет. Сонымен қатар оның барлық құпияларын жетік меңгеру абзал.

Қазіргі таңда өңірімізде той-томалақтарда, мерекелік кештерде сөзі мен әні келіскен асабалардың сыртында сиқыршылардың да өнер көрсетіп, жиналғандарға ерекше көңіл-күй сыйлап жататыны  жасырын емес.

Сиқыр деген қашанда  адам баласын өзіне еріксіз тәнті ететін дүние. Сиқырдың кез-келген ортада үлкен қызығушылық тудыратыны тағы бар.

Сәкеннің сиқырды ойын картасымен жасауды үйренгеніне де бірнеше жылдың жүзі болған Сәкен бүгін де көптеген іс-шаралар мен той-томалақтардың, кештердің сәнін келтіріп, көркін қыздырып жүр.

Сондай-ақ ол жуырда Алматы қаласында арнайы ұйымдастырылған сиқыршыларға арналған конференцияға өңіріміздің атынан барып, өзінің өнерін көрсетіп қайтты. Ол біріншіден Қостанай шаһарынан келген сиқыршы ретінде өзге өңірлерден келген талапты жастардың алдында өзінің жетік меңгерген сықырларын көрсетіп, оларды таң-тамаша күйде қалдырды.

Сонымен қатар мұнда ол  өзі сияқты осы құпияға толы тылсым дүниенің шеберлеріне айналған жайдарлы жастармен кездесіп, олармен пікір алмасып, өзіне үлкен ой түйді.

Осы ретте Сәкеннің айтуына қарағанда, сиқыршыларға деген қызығушылық әсем қала Алматыда біздің аймаққа қарағанда ерекше екен. Сондай-ақ үлкен мегаполистің тұрғындары көптеген сәні мен  салтанаты жарасқан тойханаларда қуаныштарын атап өтіп, сол кешке дарынды жастарды көптеп шақыратын көрінеді.

Конференцияға барған сапарында Сәкен де бірнеше мейрамханаларда болып, жергілікті халыққа өзінің өнерін көрсеткенде, оған көпшілік ризашылықтарын білдірген.

Талыпты жас жүрген жерінде өзінің осы күнге дейін үйренген сиқырларын көрсетіп, өзгелерден де тың дүниелер үйренді. Үнемі үлкен ізденіс үстінде жүреді.

Осындай сиқыр әлемінде жүру үшін адамның бойында соған деген икемділік пен дарын болуы қажет. Осындай дарынды жас Сакен бүгін де жүрген ортасында абыройлы да сыйлы. Оны көргендер бірден оған «Кәні, бір сиқыр көрсетіп, таң қалдыршы» деп жатады. Ондай кездері Сәкенде тосылмай бірден жаңадан үйренген сиқырларын көрсетіп, оларды таң қылдырады.

Қолы икемді, ойы ұшқыр жастың алға қойған мақсаты да айқын. Ол болашақта ел таныған сиқыршы атануды армандайды. Бүгінде  көптеген сиқыр жасайды. Сонда бұл саланы толық меңгердім деп санамайды. Әлде де үйренерім алда деп, іздене түседі. Алда жетсем деген белестері мен биіктері оны үнемі алға жетелейді.

Сакеннің таңғажайып сиқырын тамашалағыңыз келсе инстаграм әлеуметтік желісіндегі saken_oficial_ парақшасынан қарай аласыздар.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77