Бүгін 16-шы сайлау учаскесінде сайлау өтіп жатыр.
Бұл учаске студенттік жатақханаларға жақын орналасқандықтан, мұнда студенттер көп жиналған. Олардың арасында алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар да бар.
Солардың бірі – 1-курс студенті Аружан Қанапиева. Ол сайлауға қатысу туралы өз пікірін білдірді:
– “Мен алғаш рет дауыс беріп тұрмын. Менің дауысымның белгілі бір маңызы бар деп есептеймін. Ата-анам да үнемі сайлауға қатысады,” – дейді Аружан.
Бұл учаскеге 1409 сайлаушы тіркелген. №16 референдум сайлау учаскесінің төрайымы Карлығаш Баймағамбетованың айтуынша, сайлау учаскесі барлық сайлаушыларды қабылдауға дайын:
“Біздің учаскеде 1409 адам тіркелген, бізге 1423 бюллетень берілді, оның ішінде қосымша бір пайыз резерв қарастырылған. Келіп жатқандар саны жаман емес, адамдар әлі де келеді деп үміттенеміз,” – деді Баймағамбетова.
Студенттердің белсенділігі жастардың елдегі саяси процеске деген қызығушылығын көрсетіп, сайлауға қатысуының маңыздылығын дәлелдейді. Аружан сияқты жас сайлаушылардың белсенділігі демократиялық құндылықтарды қалыптастыру мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуда маңызды рөл атқарады.
Сайлау комиссиясы қалған уақытта сайлаушылардың саны арта түсетініне үміт артып, адамдардың өз сайлау құқығын жүзеге асыру үшін әлі де келетінін күтуде.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77