Аталмыш ойын білімге құштар жастардың зор қызығушылығын тудырды
Жастардың ақылы мен білімін нығайту мақсатында «Не? Қайда? Қашан?» деп аталған ойын «Қоғамдық келісі» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде өткізілген болатын.
Бұл ойынға өздерінің туған өлке жайында білімдерін тексеру мақсатында А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Челябі университетінің Қостанай қаласындағы филиалының студенттері жиналды. Студенттерге арналған пайдалы да, қызықты ойынды ұйымдастыруды Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков ұсынған. Оның бастамасын «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұжымы қуана қабыл алған.
Жастардың білімдері мен ойларын дамытатын ойынға Қостанай өңірлік университетінен «Тарихшылар», «Журналистер», «Экономистер», «Заңгерлер» және «Аудармашылыр» бір-бір топ болып қатысты. Сонымен қатар «Google-аудармашылар» және «Бірлік» әзербайджан қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының мүшелері білімдерін сынады.
Ойынның жүргізушісі Диас Наспаев ойын барысында, «Google-аудармашылар» тобының капитаны Рагиф Зейналовтың тапқырлығы мен білімділігін бірнеше рет атап өтті.
-Студенттерге арналған ақыл, ойларын, білімдерін тереңдететін бұл ойынның маңызы зор деп білемін. Жастардың бір уақыт басқосып, бір-бірімен білім жарыстырғаны дұрыс. Осылайша олар өздірінің білмегендерін үйренеді. Бір-біріне қарап, мен де білімді болсам деп ұмтылады, – дейді Қостанай өңірлік университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Айбек Шалғымбеков.
Үш сағатқа созылған ойынның қорытындысы бойынша, «Тарихшылар» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды «Заңгерлер» тобы иеленді. Ал үшінші орынды «Аудармашылар» тобы місе тұтты.
Сұрақтардың қиын болғанына қарамастан жастарға ойын қатты ұнады. Олар ұйымдастырушыларға ойынның жыл да өткізіліп тұрғанын қалайтындарын жеткізді.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77