Социум

«Sun Vita» сауықтыру орталығында 1 қазан – қарттар күні аталып өтілді

Орталыққа концерттік бағдарламамен «Мирас» мәдениет сарайының өнерпаздары барды

Үлкенді сыйлау хақымыздың қанына сіңген асыл қасиет. Ғұмыр бойына жасаған бейнеттің, зейнетін көру қарт кісі үшін зор бақыт. Мемлекет тарапынан қарт кісілерге жыл сайын қолдау көрсетіліп келетіні жасырын емес. Қалаларда жеңілдетілген жолда жүру құны белгіленсе, санаттарына қарай түрлі жақсы қызметтер көрсетіледі.

Дегенмен, бар ғұмырын елдің өркендеуіне арнаған қарияларға мемлекет тарапынан көрсетілген көмекпен қоса, жас буынның жылылық танытуы басты парыз екенін ұқанымыз дұрыс.

Осыныны ескерген Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайының ұжымы қалада орналасқан «Sun Vita» сауықтыру орталығында концерттік қойылыммен болды. Әншілер үлкендердің көңілінен шығатын әндерді шырқап, биші қыздар әр ұлттың биін мың бұрала биледі.

– Біз осы бағыттағы мерекелік шараларды жиі өткіземіз. «Sun Vita» сауықтыру орталығының жетекшісімен келісе отырып, 1 қазан – қарттар күніне орай шағын мерекелік концерт ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл орталықта 40 тан аса қарт адам тұрақтаған екен. Бабадан қалған сөз барғой, «Бізде сіздей болғанмыз, сізде біздей боларсыз» деген. Сол сияқты қарттық әр адамның басына келеді, қартайған шақта ғұмыр бойынғы еңбектің қызығын көру өмірдің жемісі деп білемін. Қарт кісілерге әр күн құрмет көрсетілуі керек деп есептеймін. Ендігі, мереке қарсаңында барша ата-әжелерді мейрамдарымен құттықтағым келеді. Дендеріне саулық, ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді «Мирас» мәдениет сарайының басшысы Мәди Нұрмұхамбетов.

Сауықтыру орталығында қарттар төрт мезгіл тамақтанып, денсаулыққа арналған ем-дом қабылдайды. Мұндай ең үлкен қарияның жасы 96-да екен. Сауықтыру орталығының жетекшісі Алена Севохина қарттараға көрсетілетін қызметтер туралы айтып берді.

– Қарттар күні біздің орталықта ерекше аталып өтіледі. Біз мүнда әлеуметтік көмек көрсетеміз. Қарттардың орталықта уақытша тұрақтап қалуларына болады және мүлдемге тұрақтап қалуларына рұқсат. Елу шақты қарт кісі тұрып жатыр қазір. Жақында еріктілер қарттардың хал-жағдайын біліп қайтуға келген болатын. Оның сыртында біз қарттарымызды алып өзіміз мерекелік шараларға барып тұрамыз. Бізге келген қарттар әрдайым медицина қызметкерлерінің қарауында болады. Қажетті емдерін қабылдайды. Қарттардың жайлылығы үшін барлық жағдайды жасауға тырысып келеміз. Осы ретте «Мирас» мәдениет үйінің ұжымына алғысымды білдіргім келеді. Арнайы келіп, қарттардың көңіл-күйін көтергені үшін, – деді ««Sun Vita» сауықтыру орталығының меңгерушісі Алена Севохина.

Мерекелік шара барысында қариялар білетін әндерді қосыла шырқап, көңілді әуендерге ырғала билеп отырды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған мәдениет сарайы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77