Жас түлектер алтын ұяларымен қоштасты
Өткен демалыс күндері өңіріміздің барлық білім ордаларында соңғы қоңырау соғылды. Бұл мектепті бітіріп, үлкен өмірге аяқ басқан жас түлектер үшінде қобалжуға толы сәт болды.
Міне, осындай ерекше сәттер Затобол кентіндегі Нұржан Наушабаев атындағы мектепте де болды десем қателеспеген болармын. Көп жылдар қатарынан білімді де білікті шәкірт тәрбиелеп келе жатқан білім ордасы биыл да облыстық, республикалық олимпиадалар жеңімпаздары мен спорттың бірнеше түрінен чемпиондарын шығарып отыр.
Қоңырау үні күмбірлеген салтанатты жиында мектеп директоры Айткүл Әлімова сөз алып, аяқталған оқу жылында шәкірттерінің жеткен жетістіктеріне тоқталып, мектеп қабырғасынан ұшқалы отырған жас түлектерге ақ жол тіледі.
Сонымен қатар басқа да оқушыларға әрдайым білімдерін толықтырып, болашақта озат оқушы атануына тілектестігін білдірді.
Аталмыш мектептің жас түлектерінің қатарында екі Алтын белгі мен бір үздік аттестетқа үміткерлер бар. Олар алдағы ҰБТ өздерінің білімдарын дәлелдеп, жоғары балл жинауы керек.
Білімнің үлкен кемесіне айналған Нұржан атамыздың атындағы білім ордасы қашан да өнерлі, спортшы, білімді шәкірттеп тәрбиелеп, әрдайым ұсьаздарының кәсіби білімділігімен ерекшеленіп келе жатқан ұжым. Соңғы қоңырау салтанатында мектеп ішіндегі «Салтанат» би ұжымының бишілері өнер көрсетті. Олар жиналған ата-аналарға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Алтын ұя мектептерімен қоштасқан жас түлектер артта қалған балалық шақтары мен мектепте өткен қызықты оқиғаларын көз алдарына елестетіп, көңілдері толқып, көздеріне жас алды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77