Биыл Қостанай қалалық №2 сотында қырықтан аса адам жемқорлық кесірінен қылмыстық жауапқа тартылған
Қазіргі таңда қоғамның кеселінің бірі сыбайлас жемқорлық болып отыр. Сол себепті кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бұл жемқорлық дерті дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де оразан зор нұқсан келтіріп отыр. Осы себептен Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек құзырлы органдардың ғана міндеті деп танымай, жемқорлықпен бүкіл қоғам болып күресу қажет деген қағиданы Қостанай қалалық №2 сотының судьясы Анар Қуанышқызы да қуаттайды.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – құқық қорғау органдарының міндеті, өз кезегінде қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың белгілі фактілері туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысу, зерттеулер жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат тарату және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әлеуметтік маңызы бар шараларды ұйымдастыру жұмыстары тоқтамау керек деп есептеймін. Сондай-ақ, қоғамды құраушылардың өздері осы жемқорлыққа қарсы қимылдаса игі еді, – дейді Анар Шаймурунова.
Сондай-ақ, мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлық – бұл күрделі проблема, оны шешу үшін жүйелі көзқарас қажет екендігін айтады.
– Онымен күресудің негізгі әдістері мен нысандары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауапқа тарту қарастырылған. Сонымен бірге, жыл сайынғы статистика осыған байланысты алдын-алу шараларының қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан, Президент өзінің Жолдауында заңнамалық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру қажеттілігіне назар аударды, ол арқылы құқықтық нормаларды әзірлеу сатысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға болады, – дейді Анар Қуанышқызы.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түседі. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрғандар ғана халық сеніміне ие болады.
– Судьялар әдебі кодексінде судьяның мінез-құлқының үлгісі бар, оны сақтауды Мемлекет басшысы, Жоғарғы Сот Төрағасы басшылыққа алады. Судьяның кəсіби міндеттерін орындау барысында мінез-құлқы қоғамның судьяның адалдығына деген сенімін қалыптастыруы керек. Соттан тыс, судья іс жүргізуге жатпайтын байланыстарды болдырмауы тиіс. Яғни іс жүргізуге қатысатын адамдармен, олардың өкілдерімен, прокурормен, адвокатпен, белгілі бір сот ісіне қатысты басқа да мүдделі тұлғалармен. Бұл іс-әрекеттер судьяның объективтілігі мен әділдігіне дақ түсіруі мүмкін, – дейді Анар Қуанышқызы.
Елімізде пара алу, пара беруге мәжбүрлеу фактілеріне қатысты сот органдары тарапынан жаза қолдану жүйесінде өзгерістер де енгізілген.
– Қазақстан Республикасының 12.07.2018 жылғы Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 46-бабына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес ең төменгі қауіпсіздік жүйесінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 15-тарауына сәйкес қылмыстары үшін сотталған адамдарға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары қылмыспен келтірілген залал толық өтелген жағдайда.
Қаламызда сыбайластықпен күрес жұмысы жүйелі. Биылдың өзінде қырықтан аса адам сыбайлас жемқорлық бабымен сот алдында қылмыстық жауапқа тартылған.
– Биыл Қостанай қаласының №2 соты жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 42 адамға үкім шығарды, олар негізінен бас бостандығынан айырылды, айыппұл да өндірілді.
Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігн тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып, ат салысып, қарсы жұиылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымз анық.
– Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Бүгінгі таңда жалпы міндет – азаматтардың жаңа буынын қоғамда қалыптасқан тәрбиелік, ақпараттық және ұйымдастырушылық шаралар арқылы қалыптасқан жемқорлыққа қарсы мәдениетке тәрбиелеу, – дейді Қостанай қалалық №2 сотының судьясы Анар Қуанышқызы.
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – ол азаматтардың арыз-шағымы. Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
– Қостанай қаласының № 2 соты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, сондай-ақ Судьялар әдебі кодексінде белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды басшылыққа алады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және халықтың сотқа деген сенімін арттыру бойынша Жоғарғы Соттың ұсыныстарын үнемі алады. Азаматтар сыбайлас жемқорлықтың барлық фактілері туралы біздің соттың веб-сайтында көрсетілген сенім телефоны арқылы хабарлай алады, Сот ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арналған жәшік бар, ол күн сайын қаралады, егер мәселе шешілмеген болса, Жоғарғы Соттың байланыс орталығының нөмірлері жазылған буклеттер апелляциялық стендтерге орналастырылады. Сот төрағасы да азаматтарға қабылдау жүргізеді, – дейді Анар Қуанышқызы.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77