Біздің Қостанай

Тұрғындар не үшін алаңдаулы

Кездесу барысында бірқатар сұрақтарға жауап қайтарылды

Он бесінші сәуір күні Қостанай облысына жұмыс сапарымен Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменова келді.
Бірінші кезекте халықпен кездесу, кейінірек азаматтарды қабылдау және күннің соңына қарай БАҚ өкілдерімен брифинг өтті.

– Бірінші санатқа жататын ірі кәсіпорындар бар, экологиялық көрсеткіштерді жақсарту үшін олар ең жақсы техниканы қолдануы тиіс. Экологиялық кодексте бұл жұмыс 2025 жылы басталады деп көзделген. Бұл жағдайды әлдеқайда жақсартуға көмектеседі, – деді Зульфия Сүлейменова.

Министрге біздің тараптан екі сұрақ қойылды. Олардың бірі Торғай жеріне түсетін ракета қалдықтары жайында болды. Бұл сұраққа Зульфия Сүлейменова былай деп жауап берді:

– Ол мәселе негізінде жергілікті атқарушы органдардың қарамағында. Сонымен қатар бізде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсіп министрлігі бар, бұл сұрақ сол кісілердің құзыреттілігіне жатады, – деді экология министрі.

– Жангелдин ауданының бюджетіне Ресейден жылына 200 миллиондай қаражат түсіп тұрады. Торғай жеріне түсетін ракета қалдықтарының зиянына өтемақы ретінде. Аталмыш мәселені аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірігіп қана шеше аламыз, – деп облыс әкімі Құмар Ақсақалов жауапты толықтырды.

Келесі сұрақ Рудный, Варваринка жерлерінде орналасқан ашық табиғи ресурстар, оған қоса Жітіқара жеріндегі онкологиялық аурулардың көбеюі мәселесін қалай шешуге болатындығы төңірегінде де сұрақ қойдық.

– Егер де нақты кәсіпорындарға келетін болсақ, қазіргі таңда кәсіпорындар өздерінің экологияға тигізген ықпалдарын қысқартуы қажет. Қоршаған ортаға зиян келтіретін заттардың нормаларын қысқарту үшін министрлікте біршама жұмыстар жүргізіліп жатыр. Экологиялық кодекске сәйкес топ-50, яғни қатты ластаушы кәсіпорындар 2025 жылдан бастап озық технологияларды қолданулары қажет болады. Мамырдың басында Қостанай қаласында табиғатты қорғау саласынын жоспары бойынша қоғамдық тыңдалым өтеді. Осы жоспарға енгізілуі қажет деген кәсіпорындар жайында сол жерде айтылуы тиіс, – деді Зульфия Сүлейменова.

Қостанай облысының экомониторингі бойынша атмосфералық ауаның жоғары деңгейімен сипатталады. Осы жылға облысымыздың экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі кешенді жол картасында 29 іс-шара қарастырылған болатын. Оның ішінде оны орындалды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77