Правопорядок

Төтенше жағдай режимін бұзғандар анықталды

250 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен жиында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты.

– Полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 250 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, олардың 91-і бойынша сот шешімі шығарылды және 159 құжат сотта қаралуда, – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Міндетті санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды бұзғаны үшін (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6-тармағына сәйкес) 242 құқық бұзушылық анықталды, олардың 88-і сот шешімін шығарды. 18-іне ескерту жарияланса, 63-іне әкімшілік айыппұл салынған. Ал, 7-еуі әкімшілік қамауға алынған және 154 құжат сотта қаралуда.

Белгіленген жұмыс режимін жұзған яғни, түнгі 22.00-ден кейін 46 құқық бұзушылық анықталды.

Бетперде режимін бұзғаны және дүкендерде қолғаптың болмағаны үшін 125 құқық бұзушылық анықталды, ал дүкендерде санитарлық тазартқыштардың жоқтығы, қолды залалсыздандыратын өнімнің болмағаны үшін 53 заңбұзушылық анықталды. Азық-түлік өнімдерін пакет түрінде сатуға қатысты тағы 17 құқықбұзушылық анықталған. 1 құқық бұзушылық кафеде тіркелген, келушілердің үстелдері арасындағы қашықтықта сәйкессіздік болған.

Үй карантині жарияланған адамдар, үйлерінде болмай шыққан. Пәтерден (үйден) шығуға тыйым салынған адамдардың үй карантинінде болмағаны туралы 8 дерек анықталды, құжат сотқа жолданды, оның ішінде 3 құжатқа шешім шығарылды және 5 құжат қаралуда екен.

Өңір басшысы карантинге жатқызылған аймақтың тұрғындарын оның ережелерін сақтауға шақырды, әйтпесе заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.

– Ешкіммен байланыс жасамаңыз, үйде болыңыз және барлық карантин ережелерін сақтаңыз, – деді облыс әкімі.

Архимед Мұхамбетов кәсіпкерлерге төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы тағы да ескертті.

– Мен кәсіпкерлерді, әсіресе адамдар көп жиналатын кафе, мейрамхана мен мекеме иелеріне ескертемін. Төтенше жағдай режимін бұзғандарға қатаң шаралар қолданылады, кем дегенде 15 күнге қамауға алынады, – деп атап өтті Архимед Мұхамбетов.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77