Біздің Қостанай В ритме города

Тәтті торттардың шебері – Нұрдана

Екі қолға бір күрек табамын деген жандар үшін зор мүмкіндік

Мемлекеттік «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. «Бастау Бизнес» бағдарламасының аты айтып тұрғандай кәсіпті бастауға арналған жоба. Оқу барысында жақсы жобамен көзге түскен, жобаны сәтті қорғап шыққан қатысушыларға берілетін сертификатпен қатар ары қарай 2-5 миллионға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі беріледі. Сондай-ақ, олардың бизнес-жобаларын сүйемелдейтін бағдарлама үш бағытта жұмыс істейді. Олар оқыту, микрокредит беру және гранттық қаржыландыру, іске асырылған жобаларды сүйемелдеу. Бұл бүгінгі күні екі қолға бір күрек табамын деген жандар үшін зор мүмкіндік. Қала тұрғыны Ракецкая Нұрдана да бүгінгі күні осы бағдараламаның шарапатын көріп отырған жайы бар.

– Мен «Қаржы және несие» саласында бес жыл оқыдым. Балама аутизм диагнозын қойып, сол баланы дамыту, тәрбиелеп, ел қатарына қосу барысында, өзімді жоғалтып алмау мақсатында үшінші санаттағы кондитер мамандығын оқып алдым. Қазір өз бетіммен үйде отырып табыс табумен айналысамын. Бизнесменмін деп айтуға әлі ерте деп ойлаймын. 2023 жылдың басында 2,5% жастарға қолдау ретінде жеңілдетілген несиелендіру наурыз айында басталады деген жаңалықтан хабардар бола сала наурыз айын күттім. Содан құжаттарды жинап, жолдасымның қолдауымен 5 млн тенге мөлшерінде несие алдым. Ол несие маған жақсы көмектесіп жатыр, мен өзімнің жұмыс жасау қарқынымды арттыратын автоматты асүй комбайнын, пештер мен тортқа арналған тоңазытқыш алдым. Ол әрине менің жұмысымды жеңілдетеді. Торттарды ғаламтордан қарап пісіре беремін. Өзім шығармашылыққа жақын адам болғандықтан, осы жұмыс жаныма жақын болды. Тек қана өзіңнің сүйікті жұмысыңды жасамай, оны жақсы табыс көзіне айналдыру мақсатымда болды. Қазір классикалық молочная девочка, фисташкалы торт, шоколадты торттар көп сұраныста.Мен тек торт пісіріп сатумен ғана емес, пирожное, пирогтар, етті самса және басқа да тағамдарды тапсырысқа орындаймын, – деді Нұрдана.

Көптеген психологтар күйзеліспен күресудің жолы сүйікті іспен айналысу дейді. Мен үшін торт пісіру бизнестен гөрі көңіл-күйімді жақсы жаққа бұру. Осы жол менің бизнеске келуіме себеп болды, – дейді кейіпкерім.
Олай болса біз де Нұрданаға біз де сәттілік тілейміз.

Жан ШАЙМЕРДЕН,
суретті ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77