«Жанашыр бол» қоғамдық қоры жоба қатысушыларына Алғыс хаттар табыс етті
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Жанашыр бол» қоғамдық қоры «Тәуелсіздік құрдасы» жобасын жүзеге асырған болатын. Бүгін қоғамдық қор осы жобаның қорытындысын шығарып, бір қатар жандарды Алғыс хатпен марапаттады.
«Тәуелсіздік құрдасы» жобасы аясында «Наш Костанай» газетінде қаламыздағы еліміз Тәуелсіздік алған жылы дүние келген, бүгінде жастары 30-ға толып, белігілі бір мамандық иесі атанып, ел мүддесі үшін абыройлы қызмет етіп жүрген жастар мен осы Тәуелсіз жылдары ашылып, егемен елімізде елеулі жұмыстар атқарған мекемелердің өкілдері жайында мақалалар жарық көрген болатын. Сонымен қатар «Наш Костанай» газетінің «ютуб» арнасында да «Тәуелсіздік құрдастарына» арналған арнайы фильмде жарық көрген еді.
Осы ретте «Тәуелсіздік құрдасы» жобасына қатысқаны үшін «Жанашыр бол» қоғамдық қорының төрайымы Сабина Распекова Арман Есмағанбетовке, «Үміт-Надежда» қоғамдық қорының төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұловаға, №9 бөбекжай бала бақшасының директоры Асыл Оралбаеваға және қалалық №1 емханасының қызметкері Олеся Мамчакқа салтанатты түрде Алғыс хат табыс етті.
-Мен әрдайым Тәуелсіздік құрдасы болғанымды мақтан етемін. Егемен елде дүниеге келіп, білікті маман атанып отырғаныма қуаныштымын. «Тәуелсіздік құрдасы» ретінде мен туралы мақала жариялаған «Наш Костанай» газетінің ұжымы мен осы жобаны ұйымдастырған «Жанашыр бол» қоғамдық қорына деген алғысым шексіз, – дейді Тәуелсіздік құрдасы Олеся Мамчак.
Тәуелсіздік кез-келген мемлекеттің басты байлығы. Тәуелсіздіктің 30 жылы Қазақстан үшін прогресс пен тұрақты даму дәуіріне айналды. Бүгінде еліміздің үлкен жетістіктерге жетуі осы Тәуелсіз 30 жылдың ішінде атқарылған үлкен еңбектің арқасында болса керек. Әрдайым тұғырымыз берік болғай.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77