Біздің Қостанай

Тәуелсіздікке – 30 жыл: «Қазақстан – достық мекені»

Қостанай қаласында тілдер фестивалі онлайн форматта өтті

Еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – достық мекені» атты тілдер фистивалі онлайн форматта өткен болатын.

Бұл шараның басты мақсаты-қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту. Жастардың бойына патриоттық сезім орнату. Отанына, ана тіліне деген құрметті арттыру.

Аталмыш фестиваль үш бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Бала тілі – бал» деп аталды. Бұл сайыс аясында Қостанай қаласындағы бала бақшаларда тәрбиеленіп жатқан ұлты өзге балалар қазақ тілінде өзі жайында қысқаша әңгімелеп беруі керек болды. Сонымен қатар Отан, туған жер, Қазақстан Республикасының рәміздері, Тәуелсіздік тақырыбында, достық, ынтымақ, отбасы жайында мемлекеттік тілде бір өлең мәнерлеп жатқа айтулары керек болды. Қатысушылар өздерінің өнерлерін қысқаша бейнеролик арқылы ұйымдастырушыларға ұсынуы қажет болды.

Сайыста бақ сынаған №15 бала бақшасының тәрбиеленушісі Алиса Буйко, №14 бала бақшадан Мария Домнина, №17 бала бақшаның тәрбиеленушісі Тимофей Шалимов жүлдегер атанды. Олардың қазақ тілінде өздерін таныстыпған қысқа бейне роликтері көпшілікті сүйсіндірді.

Ал фестивальдің екінші бөлімінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары «Менің сүйікті қалам, Қостанайым» тақырыбында шығарма жазды. Бұл сайысқа қаладағы орта мектептердің 5-7 сынып аралығындағы оқушылары қатысты.

Байқауға ұсынылған шығармалар мәтіннің мазмұндылығы, өз ойын толық аша білуі, грамматикалық сауаттылық, шығарманың көркемділігі сынды талаптар негізінде таңдап алынды.

Бұл сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды №29 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Зухра Серікбай қанжығасына байласа, 2 орынды да аталмыш мектептің 6 сынып оқушысы Алтынай Садвакасова жеңіп алды. Ал 3 орында Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының Бақдаулет Асан иеленді.

Аталмыш байқаудың үшінші бөлімінде «Ұлтпен бірге жасайды өнеріміз» атты жас ақындар арасында сайыс ұйымдастырылды. Мұнда 1 6 мен 30 жас аралығындағы жергілікті жас ақындар қатысты.

Поэзияға қалам сермеп жүрген жастар еркін тақырыпта жазылған екі өлеңдерін ұсынды. Бұл бөлім бойынша жас ақындардың шағырмаларына мазмұны мен көркемдік ерекшелігі, авторлық шеберлігі, көркемдік қыры, тақырыптың ашылу сипаты, тіл тазалығы сынды талаптар қойылды.

 

Байқаудың басты талаптарын толық орындаған дарынды жастар жеңімпаз атанды. Бірінші орынды Дәулет Жадырасын, екінші орынды Гүлсезім Дүйсенбаева, үшінші орынды Жауынбай Жылқыбайұлы жеңіп алды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77