З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ-де өткен салтанатты шара жиналған қауымға жоғары көңіл-күй сыйлады
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай академик З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде бірқатар қызметкерлерді марапаттау салтанаты болып өтті.
Марапаттау салтанатының алғы сөзі Қостанай облысы бойынша саясаткер әйелдер клубының төрайымы Римма Бектұрғановаға берілді.
Ол өз сөзінде барша жиналған қауымды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен елімізде гендірлік саясат жан-жақты дамып, әйел қауымының басшылық істерде айтарлықтай орын алуына қосқан үлесінің зор екенін атап өтті. Сонымен қатар З.Алдамжар атындағы ҚӘТУ-нің президенті Бибігүл Алдамжарованы «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімін құттықтады. Сондай-ақ ҚӘТУ ректорының кеңесшісі Лилия Морозды «ҚР Прокуратурасына 30 жыл» медалімен марапаттады.
Мерекелік марапат табысталған жиында З.Алдамжаров атындағы ҚӘТУ-ның президенті Бибігүл Алдамжарова көпшілік алдында сөз сөйлеп, жоғары оқу орнының майталман қызметкерлерінің атқарған еңбектерін ерекше атап өтіп, бірқатарына облыс әкімінің «Құрмет» грамотасын табыс етті.
Бұл марапатқа Маржанкүл Абилова, Марина Александрова, Валентина Середенко, Наталья Исаева, Наталья Демина, Дмитрий Гаврилюк, Айман Мажитова, Айтжамал Жақсыбаева сынды аталмыш жоғары оқу орнында абыройлы қызмет етіп келе жатқан бір қатар мамандар ие болды.
Осы орайда, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Достық» орденімен марапатталған ҚӘТУ-нің жанындағы ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сергей Жалыбин бейне жазба арқылы салтанатты шараға жиналған көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тіледі.
-Жыл сайын университеттің дамуына зор үлес қосқан бірқатар мамандар марапатқа ие болады. Биыл еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапаттау шарасы ерекше салтанатты түрде ұйымдастырылды. Бұл жолы да жоғары оқу орнында көптеген жылдар қатарынан тапжылмай еңбек етіп, студенттерге білім нәрін сеуіп жүрген білікті мамандар құрметке бөленді, – дейді ҚӘТУ-ның тәрбие жөніндегі жұмыстарының жетекші маманы Татьяна Пикуль.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік кеште 4 курс студенті Ақылжан Нағашыбай өзінің Тәуелсіздікке арнаған толғауын жиналған қауымға тарту етті.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Нұржан СМАИЛОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77