Біздің Қостанай

Тұңғыш Президент жолы

1 желтоқсан күні еліміз елеулі оқиға – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді

Тұңғыш Президент күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет алдындағы жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған болса, кейіннен бүкіл елден қолдау таба білген мейрамға айналды.

Бұл мемлекеттік деңгейде аталып өтілетін мейрамның маңызы да ерекше. Тарихы да тереңде жатыр. 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы болды.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, мәдениетіміз қайта оралды.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Елбасы жер-жаһанға мемлекеттің бейбіт және ядролық қарусыз саясатын паш етіп, Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Қазақстан Республикасын Еуразия кеңестігіндегі стратегиялық қуаты күшті, маңызы зор мемлекет ретінде мойындалып отыр.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бастамалары, болашақты болжай білетін көрегенділігі, сарабдал саясаткерлігі арқасында мемлекетімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бейбіт өмір сүруде.

Тұңғыш Президент білім саласының дамуына, педагогтардың мәртебесін көтеруге, жас мамандарға қолдау жасауға, заманауи талаптарға сай мектептерді салуға аса назар бөлді.

Қазақстандық жастар әлемдік деңгейде білім алуына қол жеткізіп қоймай, Батыстың, Еуропаның, Жапонияның және алдыңғы қатардағы шет елдерде алған білімдерін өнідірісте шыңдауға мүмкіндік алды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 24 мамырдағы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау және дамыту туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында оқушылардың табиғи интеллектiлiк қабiлеттерiн жан-жақты дамыту үшiн ерекше жағдайлар жасау мақсатында республикамыздың әр аймағында дарынды балаларға арналған мектептер ашылады бастады.

Қостанай облысы әкімінің 2000 жылдың 18 сәуіріндегі «Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды ашу туралы» шешімі негізінде,

Ыбырай Алтынсарин атындағы №1 лицей -интернаты дарынды балаларға арналған мемлекеттік тілде оқытатын Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп- интернаты болып қайта ұйымдастырылды.

20 жылдың ішінде Ыбырай атамыз негізін қалап, кейін мамандандырылған мектеп – интернат мәртебесіне қол жеткізген білім ордасынан мыңға жуық дарынды шәкірт заманауи талаптарға сай білім алып, егеменді елімізге қызмет етуде.

Тұңғыш Президент күні мектебімізде ерекше аталынып өтеді, өйткені Тұңғыш Президенттің өмір және еңбек жолы жастарға тәрбие мен үлгінің сарқылмас қазынасы.

Ырсалды Келинбердиева,
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
«Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты»
КММ директоры


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77