Новости Образование

Тағылымы мол семинар болып өтті

Онда жастарды кітап оқуға баулу жайында әңгіме өрбіді

Қалалық «Дорожный» кітапхана бөлімінде «Кітапхана мен жастар: болашаққа қадам» деген атпен семинар болып өтті. Оған облыс орталығындағы барлық кітапханалардың қызметкерлері қатысты.

Семинардың басты мақсаты – кітаптар мен оқуды насихаттау, кітапханалардың жұмысын жандандыру, кітапханашылардың бір-бірімен тәжірибе алмасып, болашақта кітапқа жастардың қызығушылығын арттыру.

Аталмыш семинарға өңіріміздегі жастардың басын қосып отырған бірнеше мекемелердің басшылары да қатысты.

Осындай кең ауқымда өткен семинар барысында, кітапханашылар 5 баяндама оқыды. Оның ішінде жас толқынның кітапқа деген қызығушылығын қалай оятуға болады деген тақырыпта әңгіме өрбіді. Сонымен қатар оқысам, білсем деген жасқа облыс орталығындағы кітапханаларда барлық жағдай жасалғандығы да айтылды.

Соңғы жылдары кітапхана жүйесі де электронды түрге көшіріліп, іздеген мәліметіңізді компьютерден тауып алуыңызға да жағдай жасалғаны белгілі. Сондықтан студент жастар үшін қосымша мәліметтер алу да оңай бола түскен.

Осылайша кітап оқитын сауатты ұрпақ тәрбиелеуді мақсат еткен бір топ білікті мамандар бұл семинардан өздері үшін де тың мәліметтер алды.

Көпшілік жиналған семинар өте қызықты өтті. Оның мәнді де мағыналы өтуіне Н.Наушабаев мектеп-гимназиясының шәкірттері қойған «Абай дана, Абай дара қазақта» атты қойылымы себеп болды. Мұнда шәкірттер Ұлы Абайдың даналығы, даралығы жайында сыр шертті.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77