COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101877

Выздоровевших

107262

Зарегистрированных случаев

3463

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Танымдық жағы мол кітаптар

Көпшіліктің рухани азығына айналды


Баршаға мәлім, қазіргі таңда еліміздегі кітапханаларға жаңа оқулықтар түсті. Бұлар «100 жаңа оқулық» бағдарламасына сай аударылғаны белгілі. Осынау рухани дүниелер әлемдегі зиялы жұртшылық ерекше бір ықыласпен қолға алар еңбектер екені белгілі.

Менің кезекті мақаламда жоғарыда айтылған тың кітаптар жайлы баяндалады. Көзі қарақты оқырман Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен жан-жақты танысты.

Мемлекетіміз өркендеген сайын, ғылымға, білімге деген құштарлықта арта түсуде. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тікелей қамқорлығымен жастарға қаншама жағдайлар туғызылып отыр.

Мәселен, қазіргі таңда заманға сай тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, медиа, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, инновация ғылымдары бойынша еңбектер жұртшылық назарына ұсынылды.

Мысалы, жаңа оқулықтар гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең озық жүз оқулықты өзге тілдерден ана-тілімізге тәржімаланды.

Сөйтіп, қабілетті жастарға дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасалды. Осы істі қолға алып, жүзеге асыру үшін барлық аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды.

«Ұлттық аударма бюросы» Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жаз айынан қолға алынды. Енді қазақ жастары әлем студенттері оқитын оқулықпен таныса алады.

Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарына ұсыныс тасталды. Жергілікті оқу орындарынан аударылуға тиіс 800-ден аса кітап тізімі жасалды.

Тізімдегі кітаптар сараланып, нәтижесінде бірнеше рет басылған, соңғы үш жылда шыққан, мазмұны жағынан бейтарап болуы керек деген талаптарға сүйене отырып, 18 оқулық таңдалып, 2018 жылы оқырмандарға жол тартты.

Жоспар бойынша бұл кітаптар қазақ тіліне аударылып, жоғары оқу орындарына жіберілді. 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне енді.

Бұл аударма жобасы Қазақстандағы аударма мектептерінің жетілуіне, мамандар мен аудармашыларға жаңа бағытта жұмыс істеуге ықпал етеді. Ол үшін біз бұл маңызды жұмыстың жүзеге асуына ат салысуымыз ерекше рөл атқарады.

Елбасы бүгін әңгіме арқауына айналып отырған, еңбектер жайлы: «Жаңа оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады», –деген болатын.

Шетел психологтарының, экономистерінің, философтарының тың идеяларымен , әлеуметтану ғылымының негізін салушылардың өмірбаяндарымен, жаңаша термин жинақтарымен, дін және тіл білімі салаларымен танысып, үлкен мүмкіндікке қол жеткіземіз.

Аитина Берекетова


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77