«Қаламгер» (Биаға туралы тамшылар) спектаклі көрерменге ұсынылды
Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театры жаңа қойылымның тұсауын кесті. Театр ұжымы ХХ маусымның ашылуына «Қаламгер» (Би-аға туралы тамшылар) спектаклін ұсынып отыр. Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай сахналанған қойылымда көрнекті жазушының тартысқа толы тағдыры суреттеледі.
Бейімбет Майлинге сол кездегі кесір қоғамның белсенді өкілдері адамның ақылына сыймайтын айыптарды тақты. Үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жапонның тыншысы деп танылып, нақақтан жазықсыз жала жабылды. Халқының қамын жеген қайран қаламгер, халық жауы деген жазықсыз жаланың астында қалды. Ақырында, Кеңес үкіметінің үкімімен опат болды.
Ал, Би-ағаның Кеңестің тарапынан жаза көруі обал шару еді. Қаламгерлердің ішінен момыны, байсалдысы, ең еңбекқоры болатын. Тіпті басшылық қызметтерден де бас тартып жүрген адамға опа таптырғаман кесір Кеңес…зұлмат дәуір.
Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне өлшеусіз зор үлес қосып, артында бай мұра қалдырды. Шығармаларының барлығы біреудің нұсқауымен, итермелеуімен жазылған дүние емес, шынайы бағытты нұсқаған ғажайып шығармалары қазақ рухының суретін жасап бергені анық.
Осы қойылымда басты кейіпкерлерді сомдаған театрдың жас актерлері Нұрлан Байшин (Бейімбет Майлин), Қымбат Әуезханова (Гүлжамал) сомдаса, бала Беймағанбет бейнесінде – Әлижан Бек болды.
– Биыл Би-ағаның 125 жылдық мерейтойында қайраткердің құрметіне арнап көрерменге қойылым тарту етпегеніміз біз үшін үлкен сын. Бұл – ұлы жазушының алдындағы парызымыз. Драмада кейіпкердің ішкі дүниесіне көбірек үңіліп, адами тұрғыдан көрсеткіміз келді. Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Сәдір жазда Би-ағаға арналған мүшәйраға келген кезде өзінің жазған туындысын ұсынды. Міне, содан бастап бірегей тұлғаның бейнесін сомдап шығару идеясы туындады. Сценарийі құрастырылып, соңғы бір ай көлемінде шығармашылық ұжыммен сахнадағы дайындықтарды өткіздік, — деді қойылым режиссері Әлия Баймахан.
Қойылымды көрермен де жақсы тебіреніспен қабыл алды. Спектакл дан соң ерекше күйге енген Ақыл Асқарова өзінің әсерімен бөлісті.
– Қойылым өте ұнады. Бейімбеттің кішкентай кезін көрсетуі, қиналғанда ата-анасының келіп аян беруі, кітаптарын тірілткені барлығы әсерлі болды. Ең бастысы барлығы түсінікті, логикалық байланыс бар әр актта. Декорация қарапайым болса да, соны шеберлікпен ұштастыра білді. Өз басымды сендіре алды. Тағы да бір ұнағаны, тергеушінің рөлі. Спектаклге зұлымдық пен қоса әзілді араластыра отырып ойнағаны. Мен үшін І. Омаров атындағы қазақ драма театрдың ең бір сәтті қойылымдарының бірі болды, – деп өзінің қойылымнан ойын жеткізді ол.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77