Біздің Қостанай

Терроризм орны толмас қайғы әкеледі

Қаламыздағы «Қостанай-Су» МКМ-де лаңкестіктің алдын алу үшін күзет жұмысы қатаң түрде жүргізіледі

Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет. Лаңкестік жасалған жерде үлкен қайғы орын алатыны анық. Террорлық істің астарында көптен бері ойластырылған жоспар жатады. Бұл істен ешкім жүз пайыз сақтанбаған. Қай елде қашан террорлық әрекет орын алатынын да алдын ала біліп, бағамдап отыру да мүмкін емес. Сондықтан лаңкестіктен сақтану бірінші орынға қойылған. Біздің елімізде де лаңкестіктің алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолданылып отыр.

Осы ретте Қостанай қаласының барлық мекемелері қарамағындағы қызметкерлердің өмірін сақтап қалу мақсатында лаңкестіктің алдын алу үшін бірінші кезекте күзет жұмыстарын қатаң жолға қойған. Міне, осындай қатаң түрде күзетілетін қаламыздағы мекемелердің бірі «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі болып табылады.

Осы мекеменің лаңкестіктен қорғануы жолы жайында білмек болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы Темірхан Жолмағамбетовпен арнайы жолығып, мұндағы күзет жұмысымен танысқан болатынбыз.

-Біздің мекемеде екі аймақ бір. Бірі өндірістік аймақ болса, екіншісі қағазбен жұмыс істейтін қызметкерлер отыратын кеңсе. Осы екі орын да күндіз-түні қатаң күзетіледі. Мысалы, алдымен өндірістік аймақтағы күзет жұмыстарына тоқталатын болсам, мұнда күзетшілер келушілердің бірінші кезекте құжатын тексереді. Біздің қызметкерлердің бәріне қызыл түсті мекемеге кіруге рұқсат қағазы берілген. Олар күнделікті жұмысқа келген кезде осы рұқсат қағаздарын көрсетеді. Содан кейін олардың қолдарындағы сөмкелері тексеріледі. Содан кейін ғана қазмет орнына кіреді. Сондай-ақ өндірістік аймаққа сырттан бөгде зат лақтырылатын болса бірден ол жер қоршауға алынып, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жергілікті полиция бөліміне хабарланады. Бұл істерге біз аса жауапкершілікпен қараймыз. Өйткені, лаңкестік айтып жасалмайды. Әртүрлі жағдайлар орын алуы мүмкін. Сонымен қатар біздің мекеменің екі аймағы да толық бейне бақылауға алынған. Кеңсенің ішінде де сыртында да камералар орнатылған. Енді басшылық пен есіпшілер, іс-қағазбен айналысатын мамандар отыратын кеңсенің жұмысына тоқталатын болсам, мұнда да барлық жерде бейне бақылау қойылған. Біздің кеңсенің ауласы кең. Аулада қызметкерлердің техникалары тұрады. Сондықтан күзетшілер өз кезегінде территорияға 7-8  рет шолу жасап отырады. Күзетшілер 4 кезеңмен күзетеді. Олар таңғы сағат 8:00-де жұмысқа кіріп, кешкі 19:30-ды шығады. Ол кезегін келесі күзетшіге тапсырады. Күзеттің арнайы журналына аулада тұрған техника саны жазылады. Сондықтан біздегі күзеттің жұмысы жеңіл деп айта алмайтын. Мұнда жауапкершілік жоғары.

Сондай-ақ күзетшілер мекеме кеңсесіне келген тұрғындарды жеке куәлігі бойынша тізімге алып, кеңсенің ішіне кіруге рұқсат қағазын береді. Егер бізге келушінің өзімен бірге жеке төл құжаты болмаса, мекеме кеңсесіне кіре алмайды.

Кеңсе күзетшілері таңертең жұмысқа келген жұмыскерлерді де тексерістен өткізеді. Олар өздерінің рұқсат қағаздарын көрсетіп кіріп, арнайы техникаларға отырып, жұмыстарына кіріседі.

Жалпы, бір сөзбен айтқанда біздің мекеме қауіпсіздікті барынша жіті қадағалауында ұстап отыр. Лаңкестік сынды оқиғаларға жол бермеу мақсатында барлық жұмыстар жасалады. Әрине, террорлық іс-әрекеттің орны толмас қайғы әкелетінін біз жақсы білеміз. Сондықтан біз үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі бірінші орында. Осы мақсатта мекеме кеңсесіне бөгде жанның кіруіе және бөгде затты біреудің әкеліп тастауына қатаң тиым салынған,-деді.

Бүгінде әлемде жаңбырдан кейінгі саңырау құлақтай қаптаған террорлық ұйымдардың көбеюі көптің көңіліне кірбің түсіретіні белгілі. Террорлық іс-әрекет дін саласын өзіне серік етіп, иманға бет бұрған жастардың санасын да улап отыр. Сондықтан қай кезде де сақтықта қорлық жоқ екенін ойдан шығармайық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77