Біздің Қостанай

«Тіл үйрену оңай!»

Әлеуметтік желі арқылы жаңа жоба жүзеге асырылуда

ҚР Тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясын нығайту үшін «Тілді үйрену оңай!» имидждік жобасын әзірледі. Басқарманың әлеуметтік желісінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт жастарының үндеулері жазылған бейнежазбалары аптасына 2-3 рет жоба шығып тұрады.

Аталмыш жобаның мақсаты – әлеуметтік желінің мүмкіндігін пайдалана отырып, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және оның сөйлеу мәдениетін арттыру, қоғамдық сананы жаңғырту идеясын нығайту.

Жоба барысында, желі қолданушылары әлеуметтік желі арқылы мемлекеттік тілді меңгеріп алған Қостанай облысының этнос жастарының тілді үйрену тәжірибелерімен танысады. Өзге ұлт өкілдері қазақ тілін қалай жетік үйренгендері жайында баяндайды. Қазақ тілін үйренем деген жандарға өздерінің кеңестерін береді.

Мәселен, қаламыздағы М.Горький атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Дмитрий Ромащенко аталмыш жобаға қатысып, бейнежазба арқылы өзінің қазақ тілді қалай үйренгендігі жайында баядады.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменованың айтуына қарағанда, бұл жобаның берері мол. Әсіресе, мемлекеттік тілді меңгерем деген жандар үшін тың мәліметтер алуға мүмкіндік туығызылып отыр. Әлеуметтік жері арқылы өтіп жатқан бұл жоба көпшілік тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болуда.

Бүгінде тіл үйренем деген жанға тиімді жолдар жеткілікті. Ең бастысы үйренсем, білсем деген ынта болса болғаны.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77