Ол Қазақстан халқы тілдері күніне арналды
Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Қостанай қаласындағы Студенттер сарайында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл – рухани қазына» салтанатты мерекесін өткізді.
Мерекелік шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, зиялы қауым, облыстық басқармалардың өкілдері, аудан және қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, этно-мәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, студенттер қатысты.
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мемлекеттік тіл саясатының дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Қалқаман Хасенұлын марапаттады. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университетінің ректоры Еркін Аманжолұлы, «Қостанай таңы» облыстық газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбекұлы, қоғам қайраткері Александра Суслова, Беймбет Майлин ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Светлана Құлжанова, «Социум и Я» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абай Дуйсеков марапатталды.
Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және ақшалы сыйлықтарымен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Ақылбек Шаяхмет, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ доценті Денис Качеев, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ономастика бөлімінің басшысы Жарасхан Науразбаев, «QOSTANAI» телеарнасының жүргізуші-редакторы Ангелина Костюкова, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова, «Қазақтелеком» АҚ филиалы белсенді сату орталығының бастығы Индира, Жітіқара ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы Сандуғаш Губайдулина, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Кенжеғали Бимағанбетов, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Бахытгүл Нысанова марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, мерекелік іс шарада Қостанай облысы әкімінің «Тіл – рухани қазына» премиясының жеңімпаздары марапатталды. Облыс әкімінің «Қанатты қалам» номинациясы бойынша премиясы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшу жобасын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен ерекше насихаттап жүргені үшін облыстық «Қостанай таңы» газетінің журналисі Жандос Жүсіпбеков дипломмен және ақшалай 100 мың теңге сыйлықпен, «Үздік мекеме» номинациясы бойынша премиясы мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға үлес қосқан ұйымның кәсіби құзыреті үшін Рудный қаласы әкімдігінің қалалық тілдерді оқыту орталығы дипломмен және ақшалай 100 мың теңге сыйлықпен, «Үздік тіл маманы» номинациясы өскелең ұрпақты қазақ тіліне оқытуда жаңа инновациялық әдістерді ерекше қолданып жүргені үшін Мыржақып Дулатов атындағы Қостанай инженерно-экономикалық университетінің оқытушысы Алтынай Бектасова дипломмен және ақшалай 100 мың теңге сыйлықпен және «Алтын қазына» номинациясы көп жылдық еңбегі үшін, белсенді азаматтық ұстанымы және жоғары патриоттық сезімі үшін А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ профессоры Қалқаман Хасенұлы Жақып дипломмен және ақшалай 1 000 000 теңге сыйлықпен марапатталды.
Осы іс-шараны ұйымдастырушы аталмыш басқарманың бөлім басшысы Бақытгүл Сүлейменованың айтуына қарағанда, қазіргі таңда елімізде Қазақстан халқының тілдері күні кең ауқымда аталып өтіледі. Бүгін де тіл саласында елеулі еңбек етіп жүрген жандардың да саны артып келеді. Осындай білікті мамандардың көрегендігінің арқасында мемлекетімізде тіл мәртебесі көтеріліп, ел болашағы жастардың да ана тілімізге деген құрметі мен сүйіспеншілігінің артқаны байқалады.
Тілдер мерекесі одан әрі Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония әртістерінің мерекелік концертімен жалғасты.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77