Сұхбат барысында өзекті мәселелер көтеріліп, ашық пікірлер айтылды
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының желілік жоспарына сәйкес «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Тәуелсіздікке тағзым» атты онлайн-сұхбатты Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде өткізді. Онлайн-сұхбаттың мақсаты – тәуелсіздік жылдары еліміздің дамуына өз үлесін қосып келе жатқан әртүрлі сала тұлғаларын таныстыру болып табылады.
Онлайн-сұхбатқа «Ситуативный казахский» кітабының авторы Қанат Тасибеков шақырылды.Тікелей эфир барысында, спикер Қанат Ғалымұлы өзінің қазақ тілі мен қазақтың менталитетін зерттеуге арналған оқу құралының мазмұнымен таныстырып, қазақ халқы туралы әлеуметтік-мәдени мәліметтер, тарихи фактілер, фольклорлық ұғымдар, мақал-мәтелдер, фразеологизмдер, қазіргі қазақ тілінде қолданылатын өмірлік жағдаяттарға арналған сөйлесім мысалдары кеңінен берілгендігі, кітап орыс тілді аудиторияға, сондай-ақ жалпы қазақ тілінде әдемі және дұрыс сөйлегісі келетін оқырмандарға арналғандығы туралы баяндап берді. «Эксперт Қазақстан» интернет-порталының мәліметі бойынша «Ситуациялық қазақ тілі» кітабы Қазақстан азаматтарының ұлттық сана-сезімін анықтайтын «Топ-100 кітапқа» енгізілген.
-Сұхбат барысында қазіргі уақытта қазақ тілінің қолданылуы жайында кеңінен сөз болды. Сонымен қатар Тәуелсіздік жылдарында еліміздің жеткен жетістіктері жайында да айтылды. Әлеуметтік желі арқылы сұхбатқа белсенді қатысқан жандар, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды, – дейді «Тілдарын» оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова.
Сондай-ақ тікелей эфирде өткен сұхбатта өзекті мәселелер көтеріліп, ашық пікірлер айтылды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77