Новости Образование

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында  «Латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту» кабинетінің салттанатты ашылуы өтті

Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен 2007 жылы «Тілдерді оқытудың облыстық орталығы» құрылып, өз жұмысын бастаған болатын. Бірер жыл бұрын бұл «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы ретінде қайта құрылды

Аталмыш «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы облыс көлемінде алғашқы ашылған мекемелердің бірі.

Осы жолы жақсы бастама қолға алынып, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында  «Латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту» кабинетінің салттанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға ҚР мәдениет және спорт министрлігіннің тіл саясаты комитетінің «Тіл қазына» Ұлттық ғылыми орталық өкілі, тіл саясаты комитетінің өкілдері, мемлекетік мекемелер мен ұйымдар, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар, этно-мәдени орталық мүшелері, БАҚ өкілдері қатынасты.

ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қолдауымен орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ағымдағы жылы облыс бюджетінен 7млн теңге қаражат бөлінгенді. Осы қаражат оқу кабинетін заманауи техникалық құралдармен жабдықтауға жұмсалды.

Елбасының «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» жарлығына сәкес «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп, ауқымды шаралар атқарып келеді. Қазақ тілінің емле ережелерімен таныстыру сабақтарын ұдайы жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер мен өзге де органдық ұйымдарға сабақтар өткізіледі. Сондай-ақ ниет білдірген тұрғындарды үйретуге әркез әзір екендіктерін айтады.

– Облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіру жобасы жүйелі іске асырылуда. Жалпы екі жылдың ішінде 6 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмыстарымен 500 мыңға жуық адам қамтылды. 2018 жылы жобаларды өткізу үшін 19 млн теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде жаңа қазақ әліпбиін әзірлеушілері Ұлттық комиссия мүшелерімен кездесулер, республикалық ғылыми-парктикалық конференциялар, жалпыхалықтық диктант, семинарлар ашық сабақтар мен өзгеде іс-шаралар өткізілді,- дейді Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Ермашқызы.

Биыл да осы мақсатқа облыс бойынша 22 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп отыр. Осының есебінен «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында «латын әліпбиіне негізделген қазақ тілін оқыту» кабинеті ашыды құп көріпті. Кабинетті ашудағы негізгі мақсат – облыс тұрғындарын тіл реформасымен таныстыру. Жазу ережелерін үйрету сабақтарын ұйымдастыру. Сондай-ақ курстар, семинарлар өткізу.

-Еліміздегі жүргізіліп отырған тілдік реформалардың басты мақсаты – қазақ тілін – ұлттық тіл ретінде, ұлттық әуезбен, ұлттық ерекшеліктерін дамытуды жалғастыру. Әлемдік қауымдастықта латын графикасының әлеуеті өте зор. Дүние жүзінде 60-70%-ға жуық халық латын графикасын қолданады екен. Ал, бізде түркілік бірегейлік деген ұғымбар. Түркі халықтарымен тарихи сабақтастық, тамырластық ешқашан жойылмаған және жойылмақ емес. Осы латын әліпбиі негізінде одан әрі сабақтастық үдей түспек. ХХІ ғасырдағы ақпарат ағыны, технология саласындағы көп үдерістердің баршасы латын әліпбиіне келіп тіреледі. Осыны ескерген Елбасымыз латын графикасына көшуіміздің пайдалы екендігін білдіртті, – дейді ҚР мәдениет және спорт министрлігіннің тіл саясаты комитетінің Тіл қазына Ұлттық ғылыми орталығының ғалым-хатшысы Гүлфар Мамырбекқызы

Арнайы ашылған кабинетте қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру жоспарлануда. Орталықтың әдіскер-оқытушылары үшін 24-сағаттық қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы әзіргенген.

Орталықтың арнайы сайты әзірленіп «ОҢАЙ ОҚЫ, ОҢАЙ ЖАЗ» жаңа әліпбиді меңгеру арналған онлайн-оқыту платформасы да іске қосылған екен. Аталған онлайн-оқыту: әліппе, конвертер, әдістер,тапсырмалар, тестілеу сынды сатыларға бөлінген айдарлардан тұрады. Кез-келген тіл үйренуші «tildaryn» сайтына кіріп, меңгерулеріне мүмкіндік бар.

Айта кеткен жөн, осындай мақсаттағы аудитория ақпан айында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-де ашылған болатын.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77