COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

116461

Выздоровевших

131659

Зарегистрированных случаев

5299

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Өткен жылдың есебі баяндалды

Депутаттар қабылдауына 932 адам болған

Облыстық мәслихат хатшысы Сайлаубек Ещанов өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын баян етті.

– Өткен жылы Қазақстан мәслихаттары өзінің 25 жылдығын атап өтті. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына белсенді қатысқан барлық депутаттарға және біздің облысымыздың мәслихаттарының қалыптасуының бастауында тұрған барлық азаматтарды тағы да құттықтағым және үлкен алғыс айтқым келеді. Айта кету керек, барлық саяси оқиғалардың, Тұңғыш Президенттің саясатын ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жан-жақты қолдағандығын көрсететіндігін атап өткен жөн, ол транспарентті, есеп беретін мемлекетті құру бағытын жалғастыра отырып, негізгі мақсаты Үкімет пен халық арасындағы диалогты қамтамасыз ететін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дамыту үшін жаңа нысандарды енгізеді. Бұл жерде, әрине, халық сайлайтын және өз сайлаушыларының еркін білдіретін мәслихаттар маңызды буын болып табылады, – деді ол.

Өткен жылы облыстық мәслихаттың депутаттары 17 сессия өткізген, оның 4-еуі кезекті және 13-і кезектен тыс болды. Облыстық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есепті жыл ішінде мәслихаттың 116 шешімі қабылданған, оның 23-і нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер.

– Облыстық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес облыстық мәслихат сессияларында бірқатар мәселелер қаралды. Айталық, Қостанай облысында жастар саясатын жүзеге асыру туралы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын және Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жұмысы. Мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялардың орындалуын бақылау жауапты мемлекеттік органдар басшыларының жеке есептері арқылы жүзеге асырылды. Заңнама талаптарына сәйкес облыстық бюджеттің атқарылуы туралы сессиялар, әкімнің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі жыл сайын мәслихат сессияларында тыңдалады, облыстың бюджеті бекітіліп, жаңартылып отырады, – дейді Сайлаубек Ещанов.

Жалпы алғанда, тұрақты комиссиялар 2019 жылы 37 отырыс өткізді, олардың 13-і, тексеру және әдістемелік көмек 10 аудан мен 3 қаланы аралаумен қамтылған. Тұрақты комиссиялардың депутаттары 107 лауазымды тұлғаның, соның ішінде қалалар мен аудандардың әкімдерінің, олардың орынбасарларының, облыстық департаменттердің, үкіметтік емес мекемелер мен ұйымдардың басшыларының, жастар көшбасшыларының есептерін тыңдаған.

– Есепті кезеңде мемлекеттік органдарға 138 депутаттық сауал жолданып, оның 116-ның оңды шешімі табылды. Сауалдардың көбі жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелеріне қатысты болды. Облыстық мәслихатқа халық тарапынан 62 хат түсті.

Оның басым бөлігі көше аттарын ауыстыру және салық төлемінің мөлшерлемесін ұлғайтуға қатысты болды. Депутаттар қабылдауына 932 адам келіп, 622 азамат мәселелерінің шешімін тапты, – деді қорытынды сөзінде Сайлаубек Ещанов.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77