Біздің Қостанай Социум

Өткен жылы қалада жетпіс алты «Оқушы» макеті орнатылған

Қаламызда былтырғы жылы балалардың қауіпсіздігі үшін бірқатар шаралар қолға алынды. Атап айтқанда, көлік жолдарының бойында оқушының макеті қойылып, мектептерде біртіндеп өту турникеттері де орнатылған болатын

2022 жылы жетпіс алты «Оқушы» макеті орнатылды. Макетпен жолдардың жанында орналасқан мектептер ғана қамтылған. «Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АК бөлімі» «Lacon» ЖШС мердігерлік ұйымымен оқу орындарының, мектепке дейінгі мекемелердің және қосымша білім беру мекемелерінің жанында жалпы сомасы 4 415 600 теңгеге 76 «Оқушы» макетін орнатуға шарт жасалған. Бұл макеттер балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алуға бағытталған және жаяу жүргіншілерге соқтығысу санын азайтуға мүмкіндік береді.

– Қазіргі уақытта«Оқушы» макеттерін дайындау және орнату бойынша қаржы бөлінбеген. Тапсырыс беруші «Қостанай қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АК бөлімі» ММ болып табылады, алдағы уақытта осы жұмыс түрлеріне әлеуетті өнім берушіні айқындау бойынша тендер өткізілетін болады, – деп мәлімдеді жергілікті полиция департаментінде.

Айтапағымыз, балалардың өмір қауіпсіздігі үшін жан-жақты жағдай жасалуда. Сонымен қатар, 4 415 600 теңгеге де арнайы макеттер үшін аз қаражат емес. Дегенменен, бір жылдың көлемі болмай-ақ, мектеп маңына ақын ораналасқан көшелердегі мұндай макеттердің қирап, сынып жатқанын көзіміз көрді. Тіпті биылғы жылы бірнеше мектеп маңындағы «Оқушы» макеті орынымен жоқ болып кетті. Сонда біздің қоғам қолда барды қадірлеп ұстай алмайтындығы ма?

Жан ШАЙМЕРДЕН,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77