Новости Образование

«Толқын» шығармашылық студиясы «Жас керуен» альманахының екінші кітабының тұсауын кесті

Ол кітапқа «Толқын» студиясының мүшелерінен құралған жас ақындардың жыр-жинақтары еңген

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, кітап оқуды насихаттау және көркем әдебиетке деген қызығушылықты арттыру мақсатында 2017 жылы құрылған, жас қаламгерлерге арналған «Толқын» шығармашылық студиясы атты әдеби үйірме бүгінгі таңда өз жұмысын жалғастырып келеді. Соның бір дәлелі «Жас керуен» альманахының 2-ші кітабының жарыққа шығуы.

Өткен 2018 жылы алғашқы кітабы шықса, биыл 2-ші кітабы жарық көрді. Альманахқа енген жас ақындар сөз саптауын, табиғатқа әсерленуін, өздерінің жастарына сай сезімдерін бейнелеуін әсерлі етіп жеткізген. Кітапхана қонағы болған Қостанай қаласының Құрметті азаматы, Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс қажы Баязид әдебиетке бет бұрған жас қаламгерлерге ақ батасын берсе, «Біздің Қостанай» қалалық газетінің редакторы Мырзабай Сералы Раманұлы шығармашылық табыстар тіледі.

– Қадірлі жас өркен! Қалалық кітапханада өткізіліп отырған тұсаукесер шарасына құрметті қонақ ретінде шақырғандарыңызға алғыс білдіремін. Сіздірдің өлең дүниесінде, өнер дүниесінде, жыр дүниесі басқан алғашқы қадамдарыңыз құтты болсын дегім келеді. Кітаптарыңызды қарап шықтым, жас өрендердің өлеңдері көңілімнен шықты. Жүректен туған өлеңдеріңіз – өміршең болуына тілектестік білдіріп, батамды беремін, – деді ақын Жолбарыс қажы Баязид.

«Жас керуен» альманахының тұсау кесері «Толқын» шығармашылық студиясы мүшелерінің қатысуымен «Қызыл тілдің шешені» атты ақындық батлмен жалғасты. Сөз сайысы әділ-қазылардың берілген бірнеше тақырыптары бойынша өлең құрау болды. Алғашында үш тақырып, кейін сол әр тақырыптан үздік деп танылғандар арасында бір тақырып берілді. Нәтижесінде өлеңнің мазмұны мен құрылымына баға берген әділ-қазылар Тобылов Алмасты жеңімпаз деп танып «Жас қаламгер» статуеткасын тарту етті.

Біз осындай дарынға бай, халқымыздың мерейін асқақтататын, қоғамға пайдалы ойлар жеткізетін жастарымыздың барынша көп болғанын қалаймыз. Ендеше, талантты жастарға шығармашылық сəттіліктер жəне табанды жетістіктер тілейміз.

Өз тілшіміз


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77