деген тақырыпта «СөйлеТіме» клубының кезекті сабағы облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өтті
Жоспары бойынша «СөйлеТіме» клубының кезекті сабағы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Туған өлкемнің тарихы» тақырыбында өтті. Кездесуде жалпы 20 қатысушы болды. Осыған дейін қатысушылар саны – 17 болатын. Мемлекеттік тілді үйренем деп жаңадан келген қатысушылар саны – 3. Сонымен қатар аталмыш шараға Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Бақытгүл Сүйлейменова мен «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының басшысы Жұлдызай Ербатырова және оқыту орталығының қызметкерлері қатысты.
Оқу барысында қазақ тіліндегі түсіндірме парақшалар мен флеш карталар көрнекі құрал ретінде қолданылды.
Кездесуді «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Б. Ахметжанова «Құбыр!» психологиялық көңіл-күй тренингі ойыны арқылы бастады. Ойынның мақсаты – сабаққа келген тыңдаушыларды топқа біріктіру, сөйлеуге үйрету.
Мемлекеттік тілді үйрену барысында, қатысушылар өздеріне берілген астауша тәрізді иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасады. Қағазда жазылған сөздерден сөйлемдер құрап шығады. Құрап шыққан сөйлемді барлығы бірге оқыды. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар тарихи-өлкетану мұражайында «Туған жер тарихы» тақырыбында саяхат болды. Саяхатты мұражайдың экскурсия жетекшісі – Айтбике Қазыбаева жүргізді. Қатысушыларды ұлттық костюмдер және зергерлік әшекейлер жиынтығы, киіз үйдің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында құнды тарихи жәдігерлер туралы мәліметтер берілді.
Мемлекеттік тілді үйренемдеушілер оқу барысында қазақтың ұлттық ойыны «Сақина салмақ» арқылы танымдық сұрақтарға қазақ тілінде жауап берді.
Кездесудің соңында клуб қатысушылары өздерінің ойлары мен пікірлерін ортаға салып, өткізілген сабақ туралы ойларын үлестірілген алақан суретіндегі саусақтарға жазды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77