Біздің Қостанай

Туған жердің тарихын зерделеу жас ұрпақтың парызы деп есептеймін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы жас зерттеушілерге жол ашады

Ел өмірінің тікелей жалғастырушысы, еліміздің тірегі, мызғымас болашағы осы біз яғни бүгінгі білім алушы оқушылар, ертеңгі жастар.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. Менде патриот азамат ретінде өз үлесімді қосқым келді.

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Тарихта атауы аталатын Құмкешу ауылына демалыс кезінде барып, табиғатына сүйсініп, ауасымен кең тыныстанам. Менің туған жерім Қостанай қаласы. Дегенмен, ата-әжемнің ауыл туралы айтқан тарихи аңыз әңгімелері менің Құмкешу ауылына деген қызығушылығымды арттырды. Отаншылдық кіші отанға деген сүйіспеншіліктен басталады деп санаймын.

Құмкешу ауылының әрбір сайы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс деп санаймын.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бұл тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы-бергі тарихын ой елегінен өткізіп, «Кеше кім едік? Бүгін кімбіз? Ертең кім боламыз?» деген. Бұл, – … Туған елінің, халқының, өзінің тарихы ешкімнен де ойқы еместігін деген сөз. Бұл әрбір азамат өзінің ата-бабалары қалдырған кең байтақ елдің, жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз. Өзі мекен етіп отырған елі мен жері жайлы тарихи деректерді жастардың көбі біле бермейді. Қазірден бастап олардың санасына «Туған жер» деген ұғымды тереңірек сіңірсе, келешекте олардың арасынан ел жанды тұлғалар қалыптасуына уақтылы үлес қосқанымыз.

Туған жерінің тарихын білу әр пенденің парызы. Менің Құмкешу ауылының тарихына деген қызығушылығым ауыл ағаларымен тілдесіп, ақпарат, мәліметтер жинаған сайын арта түсті. Бағзы заманнан бүгінге жеткен тарихи жерлер мен сыры кетсе де сыны қалған көне ғимараттар өткеннен сыр шертеді. Киелі Торғай аймағында тылсым дүниелер мен таңғалдыратын жәйттер сондай-ақ қандай да жағдайдын орын алуына байланысты қойылған жер-су аттары көптеп кездеседі. Біраз адамдар дүниежүзіндегі, өз еліндегі, туған облысы, ауданындағы,ауылындағы жеке географиялық атаулардың, тіптен көше, алаңдардың, өзен-көл, жоталардың аталу себептерін, шығы тарихын біле бермейді. Жас болсамда өз басым ел, жер атауларының тарихы жайлы білуге әуеспін.

Ата-әжемнің туған жері Амангелді ауданынан Торғайға қарай 30 шақырым Кұмкешу ауылы. Сол өңірдің өзінде бірі білсе, бірі білмейтін көптеген тапонимдер мен ойконимдер кездеседі. Ауыл атының өзі табиғаттың тылсым мінезіне орай «Құмкешу» деп аталған. Ауыл іргесіндегі тас жолдың бойын жағалай үйілген майда құмдар төбе-төбе болып бір жерден екінші жерге желмен көшіп тұрады. Бүгін көрген төмпешік құмды екі-үш күн өткен соң көрген жеріңнен таппай қаласын. Жел үрлеп басқа жерге үйіп тастаған. Бірақ бір қызығы шеңбер сызып белгілеп қойғандай, ауылды айналып үдере көшеді. Құмкешу аталуы киелі құмды ата-бабамыздан бастап, күні бүгінге дейін ауыл халқының тобығынан кешуі себеп.

Құмкешуден үш шақырым шығысқа қарай жерде сопы там болған. Сырттан келген жолаушыға өзеннің бергі бетінде отырған ақсақал: «Сен судан өтпе, үш күннен бері су «Жанқара-Жанқара» деп шақырып жатыр деген. Қарияның сөзін тыңдамай, тасып жатыған судан өтем деп суға кеткен. Көп уақыттан кейін судан денесі шыққан. Троицкіге қалыңдығына кетіп бара жатқан дәулетті азамат болса керек. Ауқатты Жаңқара есімді азаматтың қымбат заттарын жанына қоса көмсе керек. Бүгінде зираты жермен жексен болған. Ол тамның дәл қайжерде болғанын білетін үлкен кісілер өмірден озған. Тек ауыл халқы жобалап біледі.

Құмкешуден 18 шақырым, көтерме жолдан 5 шақырым батысқа қарай «Әулиетұз ойпаты» бар. Жағалай қара батпақ, жоғарғы жиегінен тұщы су ағады. Емдік қасиеті бар. 80-ші жылдары зерттеп, емдік санаторий ашу жоспарланып сметасы жасалған. Бірақ әлі жоба жүзеге асырылмай жатыр.

Осындай қасиетті мекендермен қарат, бұл өлкені қасиет қонған кісілер де мекен еткен.

Күмісбай әулие ХІХ – ғасырда қазіргі Қызбел ауылында ―Жылықайдар әулетінде дүниеге келген (Жанкелді ауданы). Жас кезінде әулиелігін ағайындары елемей сырт қараған.

Әулиенің істеген ісін, жүріс тұрысын ағайындары жақтырмағанға ұқсайды. Ағайынға өкпелеп Қоңыраулы өзенінің тасып жатқан кезінде әйелін жетектеп, баласын әйеліне арқалатып, тасқын суға келіп ―Құдай мықты болсаң, көкке тарт, Сүлеймен мықты болсаң, суға тарт‖ деп судың үстімен жерді басқандай жылжып жүре берген.

Суға кетеді деп сырттай бақылап тұрған ағайыны Күмісбайдың тегін адам емес әулие екендігіне көзі жетіп қамығып қапаланып істеген істеріне ұялып жерге қарайды. Әулие сол бетімен осы Құмкешу маңындағы Торғай өзені жағасында отырған жергілікті халықтың бірі қарамойын Елғонға келіп бала болып тұрақтап қалады.

Арада жылжып жылдар өтеді. Қартайған шағында өмірден озатынын айтып өсиет жасайды. Өсиетінде осы жерге аманат деп жерлеңдер. Мен өлген соң 18 жылдан кейін осы Құмкешуден біреу қажыға барып келеді. Мешіт салдырады. Міне сол кезде мені қайта сол мешіт жанына жерлеңдер деп өсиет айтқан. Болжаған мезгілінде дүниеден озып әулиені Торғай өзені жағасына «аманат» деп жерлейді. Арада уақыт өте береді. Әулиенің өсиеті ұмытылады. Сол кезеңде көрші Торғай елі жағынан осы елге бала бақсы келеді. Сөз арасында осы арада аманат айтқан бір әулие жатыр неге қайта жерлемегенсіңдер деген.Сонда ғана Күмісбай әулие өсиеті еске түсіп ауыл үлкендері әулиенің денесін ашып көрден алады. Ашып қараса әулиенің денесі сол қалпы сақталған тек бір үлкен башайының басы сәл қарайған екен дейді. Қайтадан кебіндеп қажыға барып келген Құлкей қажының маңына жерлеген. Әулие денесі жиырма жылға жуық жерде жатсада өзгермеген. Сол Күмісбай әулие басына бүрмелі шағын саман там орнатылған. Бүгінде кесегі езілген, шөккен.

Ауыл азаматы, менің ұлы нағашым Рамазан Мырзабайұлы басына құлыптас орнатқан.

Өткен ғасырда өмір сүрген Тобаяқтың Мұханбетжаны өте киелі, әулие ұста болған адам екен. Әкесі Игісін де аса шебер киелі адам болған. Ол кісі ХІХ ғасырда кедейшілікпен ғұмыр кешкен. Бірақ шебер атағы Торғай аймағынан әрі асқан. Қолына түскен қаңылтыр, темір кесінділерін қорытып неше түрлі алмас қылыштар, тұрмыстық заттар жасаған.

Жыланшық бойындағы бір байға жалданып шелектен асыл пышақтар, балта, кетпен жасаған адам. Шеберлігіне халық тәнті болып көрмекке құмартқан. Құмкешуде отырған кезеңінде дәулетті бір бай адам Игісін ұстаны көріп сәлемдеспекке жолға шығады. Мезгіл қыс кезі болса керек. Жобалы жерге жетіп ұстаның үйін таба алмай айнала адасады. Сөйтіп торығып келе жатқанда алдынан көріксіздеу мыжырайған қисық аяқ /Тобан аяқ дейді қазақ бұндай адамды/ шағын шал кездеседі.

Ат айдаушы бұрылып жөн сұрамаққа жинақтала бергенде бай жақтырмай қой мынадан жөн сұрағанша адасып өлгеніміз жақсы шығар деп жаңағы кездескен кісіні қорашсынып менсінбей басқа жаққа бұрыл деп пәрмен береді. Әрі адасады, бері адасады. Өлдім-талдым дегенде айдалада тұрған жалғыз үйге тап болады. Өздері адасқан, тоңған жолаушылар амалсыз бәкене, көріксіздеу үйге кіреді. Кірсе төрде манағы өздері жолда кездестірген шал отырады. Амал жоқ тілдесіп, өздерінің атақты ұста Игісіннің үйін іздеп жүргендерін айтады. Сонда төрде отырған көзге қораш әулие шал қарағым іздеген адамың мен боламын деген екен. Бай өзінің астамшылығына қатты қысылып шеберден кешірім сұраған. Сол Тобаяқтың /Игісін/ баласы Мұханбетжан да өте киелі шебер ұста адам болған. Кешегі 50-ші жылдары колхозда ұста болып бүкіл елдің қажетін шығарған. Өте дәлдікті қажет ететін үзіліп кеткен ДТ-54 тракторының коленвалын отқа салып қыздырып отырып біріктіріп жұмысқа жаратқан.

Осындай киелі адамдар Құмкешу топырағында көп болған. Көбісі естен шығып ұмыт болған. Болмаса іздеушісі болмай елеусіз қалған.

Тарихта ойып тұрып орын алатын Амангелді отряды мен ақтардың қиян-кескі ұрысы болған атақты Құмкешу шайқасы да осы арада өткен.

Мен тарих пәнін енді оқуды бастасам да, ауыл тарихын зерттей отырып өлкетану саласына өз үлесімді қосқым келеді. Әр бала тым болмаса өз туған жерін кішіғұрым зерттеу жүргізіп, өз достарымен немесе ғаламтор арқылы бөліссе, аз да болса еліміздің кешегі және бүгінгі тарихына қосқан үлесі болар еді.

Нұржігіт Сайлаубек Ержанұлы
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім
бөлімінің №28 мектеп-гимназиясы»ММ
5 «ә» сынып оқушысы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77