Күні кеше бір танысым өз басынан өткен бір жағдайды айтып берді. Жаңа жеке куәлігін алу үшін ХҚКО-ға барған екен. Барлық деректерді тексеріп, қол қойып, құжатын алған соң, үйіне қарай бет алады.
Жолда келе жатып, куәлігін тағы бір қарап шығады да, бір қызық нәрсені байқап қалады — «Туған жері» деген тұста тек «Қазақстан» деп жазылған. Нақты облысы да, қаласы да көрсетілмепті.
— Алғашында қате кеткен шығар деп ойладым, — дейді ол. — Бұрын «Қостанай облысы» немесе «Алматы қаласы» деп нақты жазылатын еді ғой. Бұл жолы неге тек елдің аты ғана?
Бірден 1414 нөміріне хабарласады. Байланыс орталығының маманы бұл жаңа формат екенін түсіндіреді: енді жеке куәлікте туған жер туралы ақпарат туу туралы куәлікте қалай көрсетілсе, солай беріледі. Егер куәлікте тек «Қазақстан» деп жазылса, онда жаңа жеке куәлікте де солай болады екен.
— Дегенмен, көңілім жай таппай, қайтадан ХҚКО-ға барып, нақтылап сұрадым. Ондағы маман: «Иә, бұл жаңадан енгізілген өзгеріс. Енді барлық жеке куәліктер осылай беріледі», — деп түсіндірді. «Қателік емес, жүйедегі жаңа тәртіп. Толық мәліметтер, яғни нақты туған қала немесе облыс базаға енгізілген, қажет болған жағдайда сол жақтан көруге болады», — деді ол.
Танысым бұл өзгерістен кейін біртүрлі күй кешкенін айтады — бұрын құжатқа қарап, туған жерің бірден көрініп тұратын. Қазір бәрі бірдей, даралық жоғалғандай әсер қалдырады. Бірақ егер барлық қажетті ақпарат база арқылы қолжетімді болса, онда бұл тек сыртқы форманың өзгерісі ғана.
Мамандардың айтуынша, бұл жаңашылдық азаматтардың құқықтарына немесе мемлекеттік қызмет алу процесіне еш әсер етпейді. Егер кімде-кім өз куәлігіндегі деректермен келіспесе, егер ол туу туралы куәлікте нақты көрсетілген болса, онда өзгерту үшін өтініш беруге құқылы.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77