Образование

Уақыт талабы: Студенттер онлайн режимде емтихан тапсырып жатыр

Олар оның қыр-сырын жетік меңгеріп алған

Қостанай қаласында жұқпалы дерт коронавирустың алдын алу мақсатында карантин режимі жарияланып, мектеп оқушылары мен студенттер қашықтықта оқуға жіберілген болатын. Екі ай қатарынан үйде отырып, онлайын білім алған оқушылар мен студенттер тоқсанды қортылайтын бақылау жұмыстары мен емтихандарын онлайн режимде орындап тапсыруда.

Қазіргі таңда колледж және жоғары оқу орнының суденттері жазғы емтиханды онлайн режимінде тапсырып жатқаны белгілі. Осылай тапсырылған емтиханда студенттердің қаншалықты білімдерін көрсете алатындығы белгісіз. Соған қарамастан белгілі бағдарламалардың көмегімен оқытушыларына тест жауаптарын беріп жатқанын білген болатынтыз.

Осы ретте Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің студенті Алтынай Байтоғайқызын сөзге тартқанымызда:

– Биылғы оқу жылын қашықтықта оқып бітірдік. Енді емтихан тапсырып жатырмыз. Кеше тест түрінде бірінші емтихан болды. Енді ертең екінші пәннен тест тапсырамын. Онлайн режимде болса да, бізге берілген тапсырманы толық және дұрыс орындауға тырысып жүрміз. Осылайша ай сайын алатын шәкіртақызды сақтап қалуға болады. Басында онлайн жүйесінде емтиханды қалай тапсырамыз деп топтағы балалар уайымдаған едік. Міне, оның да қыр-сырын үйреніп алдық,-деді ол.

Оқуды да емтиханды да қашықтықта өткізіп, бұл оқу жылы да аяқталар сәтте алыс емес. Ең бастысы қашықтықта оқыту деп жүргенде оқушыларымыз бен студенттеріміздің білім деңгейі түсіп кетпесе болғаны.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77