Жайдарлы жастар басқосқан әзіл сайысында «Коста-Рика» командасы жеңіске жетті
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде факультет аралық «Жайдарман» ойыны өткізілді. Бұл ойынға 5 команда қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Олар «Сәлемдесу» кезеңі бойынша бақ сынасты.
Өнерпаздардың өнерін саралаған әділ қазылар құрамында Марғұлан Бәкір, Еділхан Хамзин, Бартай Дәулет , Самат Омаров және «Муслима» халал кафесінің директоры Шыңғысхан Карбозов болды.
Ойын барысында, жайдарманшылар қоғамда орын алып жатқан оқиғаларды әзілге айналдырып жиналған қауымның жүздеріне күлкі үйіртті.
Жайдарлы жастардың орынды да мағыналы қалжыңдарына әділ қазылар алқасы тиісті бағасын беріп, жеңімпаздарды анықтады.
Сайыс болған соң жеңімпаздардың да болатыны белгілі. Әділ қазылардың шешімімен 1 орынды «Коста-Рика» командасы қанжығасына байласа, 2 орынға «Тек қана қыздар» командасы жайғасты. Ал жүлделі 3-ші орын «Найзағай» командасына бұйырды.
Сондай-ақ ойында жарасымды әзілімен ерекше көзге түскен жайдарманшы Сәкен Нариман «Үздік ойыншы» атағына ие болды. Әзіл сайысында жеңіске жеткен командаға арнайы кубок табыс етілді. Сонымен қатар бұл «Жайдарман» ойынына «Муслима» халал кафесі демеушілік жасады. Талапты да дарынды жастарға арнайы сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.
«Жайдарман» ойындарын тамашалауға келген көпшілік жоғары күңіл-күйге бөленіп, бір дамалып қайтты.
Айдана МАНАТҚЫЗЫ,
2- курс студенті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77