Новости Социум

«Василий Чекмарев қаламыздың тарихы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан жоқ. Ол Қостанай қаласының тумасы емес», – дейді осы мәселе жөніндегі жұмыс тобының мүшесі

Жұмыс тобының мүшесінің ойынша Орал Мұхамеджановтын атқарған қызметі мен жасаған игі істерін санамалайтын болсақ көше атына әбден лайық тұлға

«Біздің Қостанай» газетінің журналистері Қостанай-2 кентінің Чекмарев көшесінің тұрғындарының пікірін білген болатын.

– Менің ойымша атауы бар көшені қайта ауыстыра берудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Осы көше тұрғындары Чекмарев атауына үйреніп қалды. Ал, ұсыныс бойынша көше атын бергелі жатырған адамды мен танымаймын, – дейді Константин Шевцов есімді тұрғын.

Көшенің бас жағында тұратын Жанна Евгеньевна есімді азаматшаға сауал жолдағанымызда, «не үшін ауыстырмақшы», – деп өзімізге сұрақ қойды.

– Неге ауыстырмақшы, түсінбеймін. Біз осы атауға үреніп қалдық. Ал, атын берейін деп жатырған адам жайлы естімегем. Чекмарев жайлы да көп білмеймін, естігенім бар, алайда толық кім екенін білмеймін, – дейді Жанна Евгеньевна.

Орал Байғонысұлымен Чекмарев жайлы көше тұрғындарынын сұрағанымызда, олар екеуінің шын мәнісінде қандай тұлға екендігін білмейтін болып шықты, тек сол көше атауына үйреніп қалғандықтан өзге атауды қаламайтын тәрізді.

Ал, Сайболат Мукеев, өзі тұратын көшеге Орал Мұхамеджанов есімін беру ұсынысын қолдайтындығын жеткізді.

– Мен бұл көшеде тұрып жатқаныма 5 жылдан асып барады. Осы көшеге Орал Байғонысұлының атын бергелі жатыр дегенді естігенде ішім жылып қалды. Ол кісі жерлесіміз, елімізге белгілі адам, депутат, Төраға болғандығын жақсы білемін. Ұсынысты қолдаймын, Орал ағамыз бұл құрметке лайық деп білемін, – деді Сайболат Мукеев.

Айта кетейік, Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов 1948 жылғы 11 қарашада Қостанай қаласында туған. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, 3-4 шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болды. Оның еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірқатар медальдармен марапатталған.

Жұмыс тобылын мүшесі Чекмарев жайлы апаратымен бөлісті. Өңірімізге еңбегі сіңген азаматтын аты көше атына берілуі тиіс деп санайды.

– Василий Чекмарев қаламыздың тарихы мен дамуына айтарлықтай үлес қосқан жоқ. Ол Қостанай қаласының тумасы емес. Ол 1917 жылы Қостанай қаласына Петроградқа нан жеткізу үшін Балтық теңізшілерінің отрядымен келді және Қостанай революциялық комитетінің бірінші төрағасы болып тағайындалды. Біздің қаламызда бар-жоғы 1 жыл тұрып, 1918 жылы ол Чукотка облысына кетті, ол жерде 40 жылдай жұмыс істеді және 1958 жылы ғана жақсы демалып, Рудный қаласына оралды.

Чекмарева көшесі неге ұсынылды, өйткені ол жаңа Алтын Арман, Солтүстік-Батыс, Береке және Юбилейный шағын аудандарын біріктіреді, Ресей Федерациясының қалаға кіретін жері, транзиттік көлік жүреді, қонақтар келеді.

Жақын жерде Н. Назарбаев даңғылы, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның көшесі бар. Орал Мұхамеджановтың ұзақ жылдар бойы еліміздің Тұңғыш Президенті Елбасының Н.Назарбаевтың адал одақтасы болғанын жақсы білеміз. Меніңше, бұл көшелер бір жерге шоғырланатын болады.

О.Мұхамеджанов атына көше беру дегеніміз – талантты мемлекет және қоғам қайраткеріне деген құметіміз деп білемін, – дейді осы мәселе жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Оразалы Жақсанов.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген Бағдад АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77