Бұрындары бұл көше бойын көпестер мекен еткен
Биыл Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған қазақ мектебінің ашылғанына – 160 жыл. Мектеп құрылысы 1882 жылы басталды, ал 1884 жылы Тройцк орыс-қазақ мектебі Қостанай қаласына көшіріліп, Қостанай екі сыныптық орыс-қазақ училищесі болып аталды.
Міне, бүгін біз осы көшемен танысатын боламыз. Айта кету керек, көше ұзын, әрбір жерінде терең тарихы бар ғимараттар орналасқан. Тарихпен қазіргі заман ұштасқан көше деп те айта аламыз. Көшенің ұзындығы оңтүстіктен солтүстікке қарай 3,994 шақырым, батыстан шығысқа қарай оңтүстігінде 3,483 км-ден солтүстігінде 3,480 км-ге дейін.
Ы. Алтынсарин көшесі Баймағамбетов көшесімен, Ульянов көшесімен, Абай даңғылымен, Сібір, Мариям Хакімжанова, Владимир Комаров, Леонид Беда, Фролов, Журавлева, Дощанов, Павлов, Гоголь көшелерімен қиылысады. Толстой көшесі, даңғылмен Әл-Фараби, Пушкин, Амангелді, Жеңіс, Шевченко, Пролетар, Жұмысшы, Шипин, Уәлиханов, Лермонтов, Орджоникидзе көшелерімен қиылысады.
Ы.Алтынсарин көшесі бойында барлығы білетін қызыл қабырға орналасқан. Қабырға қасында 1919 жылы сәуірде Колчак жазалаушылары қызыл партизандарды, Қостанай шаруалары көтерілісінің қатысушыларын жаппай атты.
Көше бойында Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Ы. Алтынсарин атындағы Қостанай обдыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Ы. Алтынсарин музейі, сонымен қатар алаңда бар. Қала орталығында, кітапхана қасында және мектеп интернат маңайында ескерткіштер орналасқан.
Сонымен қатар, мектеп интернатта 1945-1948 жылдары халқымыздың көрнекті жазушысы, ғибратты ғалым, ұлағатты ұстаз, профессор, Қзақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Халқаралық “Алаш” сыйлығының иегері Әбілфайыз Ыдырысов оқиған. Тағы басқа да бірнеше мектеп гимназиялар бар.
Облыстық әмбепап кітапхана, өлкетану музейі, галерея, Казпочта, облыстық прокуратура, айта берсең өте көп. Қостанай қаласы тарихының жартысы осында жатыр десек қателеспейміз.
Алтынсарин көшесі, 128 мекен-жайындағы қызыл кірпіш ғимарат – XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс халық сәулетінің қаладағы бірнеше үлгілерінің бірі. Ғимарат тас сәулет дәстүрінде тұрғызылған, бірақ құрылыс тарихы туралы ешқандай деректер жоқ және оның қала картасында қашан пайда болғаны белгісіз. Архивтерде 1912 жылдан бастап ғимаратты белгілі қостанайлық шабындық саудагері үй иесі А. Н. Кеникстен жалға алғаны айтылған. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында ғимаратта партияның губерниялық комитеті және комсомол ұйымының губерниясы орналасқан. Кейін бұл жерде медициналық кітапхана да болған. Қазіргі уақытта мұнда Қостанай қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі орналасқан.
Айта кету керек, көше бойында сырт келбетті құртып тұрған бірнеше ғимарат бар. Олардың бірі Алтынсарин көшесі, 28 мекенжайындағы көппәтерлі тұрғын үйдің жанында орналасқан бос, қараусыз қалған ғимарат. Оның алдында ондаған жылдар бойы әртүрлі бақша және құрылыс құралдарын, сантехникалық заттарды сататын алаң орналасқан. Алыстағы уақытта ғимаратта көкөніс дүкені болған, бірақ 90-шы жылдары оның келушілерге арналған есіктері жабылды, ал бүгінде олар мүлдем жоқ, терезелері мөрленген, ішінде қоқыс үйіндісі бар.
– Бұл жерде жиналған қоқыстың иісі қасында тұрған тұрғын үйлерге дейін жетеді. Жиырма жылдан астам уақыт бойы бұл нысан үйсіздерге арналған баспана, маскүнемдерге арналған үй ретінде қызмет етіп келеді және оны барлық адамдар қоғамдық дәретхана ретінде пайдаланады, – деп ашуланады қала тұрғыны.
Келесі ғимарат бұл көше басында орналасқан қамалға ұқсайтын үй. Биік қақпасы шынжырланған, әйнектері сынған.
Жалпы көше орталық базардан өтеді. Басы нөмірі 18 мектеп гимназиядан басталып, соңы екі қабатты үйлермен аяқталады.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77