Социум

Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін сақтаңыздар!

Қыстың суық күндері мен мерекелік ісшараларды өткізу кезінде орын алуы мүмкін қауіпқатерлерден сақтану үшін төмендегі ұсыныстарды ескеру өте маңызды:

Өрт қауіпсіздігі:

1. Отшашулардан сақ болыңыз:

Отшашулар мен пиротехникалық құралдар дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, өрттің немесе жарақаттардың негізгі себебі болуы мүмкін. Жаңа жылдық мерекелерде арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана отшашулар ұйымдастыру ұсынылады.

2. Жаңа жылдық шыршаны орнату:

Шыршаны электр құралдарынан, шамдардан және жылу көздерінен кем дегенде 1 метр қашықтықта орналастырыңыз. Тез тұтанатын материалдарды қолданбаңыз.

3. Балаларды қадағалау:

Балаларға отшашулар мен жанғыш заттарды пайдалануға қатаң тыйым салыңыз және оларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыз.

Жолдағы қауіпсіздік:

Қыс мезгілінде жолдарда көктайғақтың пайда болу қаупі жоғары. Жүргізушілерге көлік жылдамдығын азайтып, қашықтықты сақтау қажет. Жаяу жүргіншілер белгіленген жолақтармен өтуді ұмытпағаны жөн.

Су айдындарындағы қауіпсіздік:

1. Бос мұзға шықпаңыз:

Мұздың қалыңдығы 15 смден аз болған жағдайда, оған шығу қауіпті.

2.Балаларға мұз үстінде сырғанау немесе ойнаудың қауіпті екенін түсіндіріңіз. Оларды қадағалап, су айдындарынан алыс ұстаңыз.

Суық ауа райындағы денсаулық сақтау:

Балалар мен ересектер үшін қыста дұрыс киіну маңызды. Үйден шықпас бұрын, жылы бас киім, қолғап, шарф киюді әдетке айналдырыңыз. Киімнің барынша тығыз болғаны жөн.

Көшедегі қауіпсіздік:

1.Тротуармен жүру:

Қар мен мұздан сақтану үшін тротуардың ортасымен, үйлерден алшақ жүріңіз. Үйлердің шатырынан түсетін мұздақтарға назар аударыңыз.

2.Қауіпті аймақтарға кірмеңіз:

Қар құлауы мүмкін немесе шатырдан мұздықтар құлауы ықтимал аумақтар қоршалған болса, оған жақындамаңыз. Қоршаулар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін орнатылған.

Балаларға ерекше назар аудару:

1. Ойын кезінде бақылау:

Балалар қарда немесе мұзда ойнап жатқанда, олардың қауіпсіздігіне назар аударыңыз. Бақылаусыз қалдырмаңыз.

2. Сырғанау құралдары:

Шана, шаңғы сияқты құралдарды тек арнайы рұқсат етілген жерлерде пайдаланыңыз. Тау төбешіктері көлік жолдарына жақын болса, мұндай жерлерге бармаңыз.

Жаңа жылдық шараларда адамдар көп жиналған жерлерде абай болыңыз. Қыс мезгілінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау әр адамның жеке жауапкершілігі болып табылады. Жақындарыңызға осы ережелерді үйретіп, қауіпқатерлерден сақ болыңыз!

 

Дильназ ИЗДЕЛЮЕВА,

сурет ашық ақпарат көзінен,

Kst_bilim_bolimi Инстаграм парақшасынан алынды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77