COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

116461

Выздоровевших

131659

Зарегистрированных случаев

5299

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1990

Летальных случаев

Біздің Қостанай

Өз саласының білгірі

Халық сүйіспеншілігіне бөленген Сая Калинова туралы сөз


«Еңбектің наны тәтті» деген сөзді менің кейіпкерім сонау балалық шағынан санасына тоқып өсті. Сондықтан да болар, қазір өзі жастар арасында болған кезде осынау пікірді оларға да жалықпай айтып келеді.

Әрдайым жауапкершілік жүгін терең сезінетін ол өткен жылдарда талай құрмет пен абыройға да бөленді. Менің бүгінгі кейіпкерім мәдениет саласында 30 жыл қатарынан аянбай тер төгіп келе жатқан аяулы жан.
Оның жайдары жүзінен жандүниесінің сұлулығын бірден байқайсыз. Өйткені, ол сонау жас кезінен бастап өнерге шексіз ғашық болды.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы көркем сурет галереясында қызмет атқарады. Күнделікті көрмеге қойылған суреттерге қаншама кісілер келіп, ой өрісін кеңейтеді. Жергілікті қыл қалам шеберлерінің туындыларынан рухани ләззат алып жатады.

Міне, солардың бәрін де келушілерге түсіндіріп, өзінің мамандығына деген адалдығы мен шын мәнінде берілгендігін танытады.

Жуырда аталмыш орында болған кезімде онымен тілдесіп, біраз жайларға көзім айқын жетті. Әлгі көркем туылдыларды халыққа таныстырып, оның мән-мазмұнын түсіндіру үшін де қаншама терең білім, жан-жақты қасиет керек екендігін пайымдауға болады.

Сая Калинова мінезі ақ жарқын, кіммен болса да тез тіл табысып кететін білікті маман екендігін білдім. Онымен болған уақыт барысында мұнда жұмыс істейтіндердің де үнемі тыным таппай ізденіс үстінде болатындығын сезіндім.

Мәселен, суретшілер өздерінің көз майын тауыса салған суреттерін халыққа таныстыру мақсатында көркем сурет галереясына қойса, мұндағылар соны көпшілікке жан-жақты жеткізуге тырысады. Сая Калинованың өмірі кейінгі жастарға өнеге боларлықтай. Өйткені, оның еңбекқорлығы ерекше. Өзімен әңгімелескен кезімізде де адам баласын бақытқа жеткізетін тек ғана біліктілік, өз жұмысына деген тиянақтылығы екендігі бірнеше рет қайталап айтты.

Өзі облысымызға қарасты Федоров ауданының Успенов деп аталатын ауылында қарапайым ғана шаруаның отбасында дүниеге келген. Әкесі Нұрлыбай деген кісі қолы шебер, қай кәсіпке болсын икемді де көпке сыйлы жан еді. Ол сол өздері ғұмыр кешкен ауылда механик, зоотехник, жүргізуші де болып жұмыс істепті.

Бұл кішкентайынан соларды көзімен көріп, үй шаруасында анасына көмектесті. Ал шешесі Зейнеп адам баласын жатсынбайтын өзге ұлт өкілдерімен де тез тіл табысып, бес баласына лайықты тәлім-тәрбие берді. Солардың келешегін ойлап, кішкентай кездерінен бастап адал еңбек етуге баулыды. «Шеше көрген тон пішер» демекші, соның бәрін де есіне сақтап, көңіліне тоқыды. Кейіпкерім мектепте де алдыңғы қатарлы оқушылардың бірі атанды. Республикамыздағы ең таңдаулы оқу орындарының бірі қазіргі әл-Фараби атындағы ұлттық университетке студент болып қабылданды. Осы жерден биология және химия пәнінінің мұғалімі мамандығын алып шықты. Содан кейін таңдаған кәсібі бойынша ұлағатты ұстаз болды. Алайда оның балалық шағының ізі қалған Қостанай өңірі өзіне тартты да тұрды. Мамандық пен еңбектің адам баласын биік шыңға көтеретіндігін жете ұғынған ол, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көркем сурет галереясына орналасқанына да біраз жылдың жүзі болды.

Әріптестерінің арасында өте беделді. Ол бізбен әңгімесінде өз ойын былай деп түйіндеді:
– Сіздердің еңбек адамы тақырыбын қозғап жатқандарыңыз өте орынды екен. Мен солардың бірі ғанамын. Облыс орталығында қаншама еңбектен бақытын тапқан адамдар бар. Солар жайлы жыл бойы жазып отырсаңызда өте орынды болар еді.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77