Экономика

Зардап шеккен азаматтарға өтемақы тексеру аяқталғаннан кейін төленеді

Қалалық әкімдікте табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібіне қатысты брифинг өтті. Төлемдер жайында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Исмагулов толық ақпарат берді.

Қостанай қаласы әкімінің ағымдағы жылғы 6 сәуірдегі шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. ҚР “Азаматтық қорғау туралы” заңының 58-бабына сәйкес табиғи сипаттағы төтенше жағдайлармен жеке тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиян зардап шеккендердің ең төменгі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті шектерде өтеледі.

– Өтемақы алгоритмі келесі кезеңдерден тұрады. Ең алдымен өтініш беру керек. Жәбірленуші материалдық зиянды өтеу туралы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен қалалық әкімдікке, яғни Пушкин көшесі 98 үй № 107 кабинетке сағат 09-00-ден 18-30-ға дейін жүгіне алады. Өтініштерді электронды форматта беру мәселесі пысықталуда. Өтініште барлық құқық белгілейтін және басқа да растайтын құжаттармен бірге жәбірленушінің жоғалған немесе бүлінген мүлкінің тізбесі көрсетіледі, – деп атап өтті Алмат Исмагулов.

ТЖ туындаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде зардап шеккен мүліктің меншік иесі немесе ресми өкілі ғана өтініш бере алады. Жергілікті атқарушы орган өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде бағалаушыдан келтірілген залалдың мөлшерін бағалауды ұйымдастырады.

Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындау жәбірленушінің және материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия мүшелері мен бағалаушының қатысуымен жүзеге асырылады. Мүлікке бағалау жүргізілгеннен кейін зардап шеккендердің арыздарын мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен қатар, қоғам белсенділері мен қалалық мәслихат депутаттары кіретін материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия қарайтын болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтірілген зиянды өтеу жөніндегі нормалар: Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жылжымайтын мүлік объектілеріне жатпайтын уақытша құрылыстарға, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстарға, сондай-ақ заңсыз салынған объектілерге, бағалы киімдерге, сәнді заттарға не бағалы металдардан жасалған бұйымдарға, көркемдік құндылығы бар заттар, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде сақтандыру объектісі болып табылатын мүлік.

– Зардап шеккендерге әлеуметтік көмек көрсету 9-тармақтың 6-бабына сәйкес әлеуметтік көмек бір мезгілде 70 айлық есептік көрсеткіштен (258 440 тг.) аспайтын мөлшерде көрсетіледі.

Өтемақы алгоритмі бірнеше кезеңдерден тұрады.

Жәбірленуші материалдық зиянды өтеу туралы өтінішпен және жеке басын куәландыратын құжатпен, “Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ-не Қасымханов 36, № 2 кабинетке сағат 09-00-ден 17-30-ға дейін жеке шот нөмірімен жүгінеді немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш береді egov.kz, – дейді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмат Исмагулов.

Сонымен қатар, өтініште барлық құқық белгілейтін және басқа да растайтын құжаттар қоса берілген деректер, дербес шот көрсетіледі. ТЖ туындаған күннен бастап 3 ай ішінде зардап шеккен мүліктің меншік иесі немесе ресми өкілі ғана өтініш бере алады. Жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттар пакетін толықтығына, дұрыстығына қарайды және арнайы құрылған Комиссияның қарауына 8 жұмыс күні ішінде береді.

Төлем зардап шеккендерге тиісті шешім қабылданғаннан кейін күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Виктория Болгердт


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77