Біздің Қостанай

«Үздік қосымша білім беру ұйымы» анықталды

Білім саласын жетілдіру мақсатында облыстық байқауы ұйымдастырылды

Озық педагогикалық кадрлардың тәжірибесін анықтау және насихаттау мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарына сәйкес, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» КММ меншіктің барлық түріндегі қосымша білім беру ұйымдары арасында «Үздік қосымша білім беру ұйымы» аймақтық байқауын өткізді.

– Бұл байқау 2015 жылдан бері өткізіліп келеді, оған Қостанай облысының барлық аймақтарынан 34 қосымша білім беру ұйымдары қатысты, – дейді ұйымдастырушылар.

Ағымдағы жылдың байқау іріктеу кезеңіне облыстың 7 аймағынан 11 қосымша білім беру ұйымдары қатысықан және қорытынды бойынша 5 қосымша білім беру ұйымы ақтық сыңға шықты. Олар, «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің техникалық шығармашылық  мектебі»  КММ, Қостанай қаласы әкімдігі  білім бөлімінің «Аула клубы»  КММ,  Қостанай  қаласы  әкімдігінің  білім бөлімі  «Карнавал»  хореографиялық мектебі» МКҚК, «Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балалар шығармашылығы мектебі»  КММ,  Қостанай  ауданы  әкімдігі  білім бөлімінің  «Балалар шығармашылығы үйі»  ММ.

Күндізгі кезең қосымша білім беру ұйымының өзін-өзі таныстыруы және Ұйымды дамыту бағдарламасын қорғау сынды екі кезеңнен тұрды.

Нәтижесінде, қазылар алқасының шешімімен «Қостанай облысының қосымша білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамотасымен және ақшалай сыйлықпен 3-орынды Қостанай қаласы әкімдігі  білім бөлімінің «Аула клубы»  КММ жеңіп алды, «Үздік қосымша білім беру ұйымы» байқауының 2-орынын Қостанай  ауданы  әкімдігі  білім бөлімінің  «Балалар шығармашылығы үйі»  ММ. еншіледі. Ал, жүлделі 1-орынды Қостанай  қаласы  әкімдігінің  білім бөлімі  «Карнавал»  хореографиялық мектебі» МКҚК жеңіп алды және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Өзге де қатысушылар Білім басқармасының сетрификатымен марапатталды.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77