Социум

Жәбірленушіге ақшаның қайтарылатына ешкім кепілдік бермейді

Егер сізге ұялы байланыс операторының атынан SIM картаңызды ұзарту үшін қоңырау шалса, бұл алаяқтар екендігін білгеніңіз жөн.

Қоңырау шалушы сіздің ұялы байланыс келісімшартыңыз ертең аяқталады деп мәлімдейді. Егер сіз оны жаңартпасаңыз, сіз қоңырау шала алмайсыз, SMS жібере алмайсыз және мобильді интернетті пайдалана алмайсыз. Сізден нөмір алынып, басқа адамға беріледі.

Алаяқ келісімшартты автоматты түрде ұзартуға болатынын айтады.

Кеңсеге келудің қажеті жоқ: бәрін Мемлекеттік қызметтер арқылы жасауға болады. SMS – тен кодты айту жеткілікті.

Егер сіз өзіңізді алдауға және кодты айтуға мүмкіндік берсеңіз, күтпеген жағдай орын алады. Оның басты мақсаты сіздің атыңызға несие алуда болуы мүмкін. Қала тұрғындарының бірінде осындай жағдай болды.

– Жалпы, ойымда ештеңе жоқ. Жұмыс уақытында телефон шырылдады, мен нөмірге назар аудармадым, кейін бұл нөмір біздің қазақстандық емес екенін түсіндім, бірақ әбігерге түскен кезде мен бұған назар аудармадым. Өйткені дәл осы сәтте мен каспиден басқа қоңырауды күтіп отырған болатынмын, сондықтан мен автоматты түрде телефонды алдым. Бір әйел былай дейді: «Сәлеметсіз бе, сізде осындай телефон нөмірі бар, оған 20 жылдай уақыт болды, қазір кері байланыс бермесеңіз, онда сіздің нөміріңіз бұғатталады». Міне, бірден SMS келеді, мен бұл мүлдем алаяқтар емес, биллайн байланысы шығар деп ойладым. Мен оларға соңғы төрт санды айттым. Кейін халық банкінен түрлі хабарламалар келе бастады. Бір жақсысы, ол картада менде ештеңе болмаған еді. Тек соңына қарай бұл алаяқтық екенін түсіне бастадым, – дейді қала тұрғыны Наталья Владимировна.

– Осы жайттан кейін ол кісі маған жүгінді. Ең алдымен «Халық банкіне» қоңырау шалып, шот бойынша қандай аудармалар жасалғандығын сұрадық, содан кейін бірден картаны бұғаттап тастауды жөн көрдік. Банк қызметкерлері телефоннан қосымшаны өшіріп тастауды сұрады, өйткені алаяқтар қосымша арқылы телефонның ішіндегі деректерге қол жеткізе алатындығы жайында айтты. Кейін зардап шегушіге консультация өткізілді, полицияға белгісіз адамдардың алаяқтық әрекеттері мен қоңыраулары туралы арыз беру үшін хабарласуға болатындығын түсіндірдім. Полицияға хабарласып хабарласқан номерді айтып, шыныменде белгісіз номер екендігі расталды, – дейді құқық қорғаушы маман.

Осылайша, алаяқтар банктердің қосымшаларына, ресми шотқа және басқа да жеке мәліметтерге қол жеткізе алады.

Алдынғы жылы 38 қылмыс үшін 9 алаяқ ұсталды. Олар бойынша материалдар сотқа жіберілді. Өткен жылы барлығы 652 интернет-алаяқтық фактісі тіркелді. Мұндай қылмыстардың ашылуы төмен-12,2% құрайды. Істі ашу көбінесе кінәлі үшін жазаны білдіреді, бірақ жәбірленушіге ақшаны қайтаруға кепілдік бермейді. Сондықтан хабарласқан нөмірге, жіберген сілтемеге қарап, абай болыңыздар.

Сонымен қатар, алаяқтардың құрбаны болмас үшін, SIM карталарының жарамдылық мерзімі жоқ екенін және банктік немесе дисконттық болсын, басқа карталардың жарамдылық мерзімі әрқашан карталардың өзінде көрсетілетінін есте ұстаған жөн.

Ешбір жағдайда күмәнді сілтемелер бойынша өтпеуге, сондай-ақ, егер әңгімелесушіні банктің немесе оператор-компанияның қызметкері ұсынса да, телефон арқылы SMS-кодтарды, парольдерді, логиндерді немесе өзге де деректерді хабарлауға болмайды.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77