Новости Социум

Жұмыспен қамту қарқынды жүріп жатыр

Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығының тыныс-тіршілігі жайында

«Еңбек деген байлық бар, ерінбеген жетеді» демекші, елімізде жұмыс істеп қаражат табамын деген жанға барлық жағдай жасалған. Ең бастысы ниет түзу болса болғаны.

Осы орайда облыс орталығында жұмыссыздықпен күрес қалай жүріп  жатқандығын білмек оймен арнайы жұмыспен қамту орталығына бас сұққан болатынбыз. Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығы басшысының орынбасары Шолпан Галеевамен жолығып, көкейімізде жүрген сауалдарымызға нақты жауап алдық.

Үстіміздегі жылдың қазан айына дейін Қостанай қаласының жұмыспен қамту орталығында  3 741 адамға қажетті жұмыс орындары іздестірілген. Бүгінде жұмысқа тұруға үміттеніп отырғандар саны 758.
Өңірімізде «Еңбек» бағдарламасы бойынша қысқа мерімді кәсіби оқытатын курстар өз жалғасын табуды. Осы курстар бойынша 293 адам электргаздәнекерлеуші, есепші, аспазшы, тракторшы, шаштараз, тігінші, автокөлікті электрмен жөндеуші және басқа да мамандықтарды меңгеріп шыққан. Қысқа мерзімді оқулар 1 айдан 6 айға дейін жалғасады. Курс уақытында оқып жатқандарға айына 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді.

Қысқа мерзімді оқуды аяқтағандар өздері қалаған мамандық бойынша жұмысқа орналасады.

Сонымен қатар биыл әлеуметтік жұмыс орындарына 217 адам тартылған. Олар бүгін де күзетші, әкімші, аспазшы, тігінші, тәрбиеші, есепші, қарапайым жұмысшы болып еңбек етуде.

Сондай-ақ көп жылдар қатарыннан жалғасын тауып келе жатқан жастар тәжірибесі бағдарламасы көңіл қуантады. Осы ретте 219 оқу орынын бітірген жас маман жұмысқа орналасқан. Олар осы бағдарлама аясында мекемелерге жұмысқа тұрып, таңдаған мамандықтары бойынша тәжірибе жинауда. Бұл жастар үшін өте қолайлы бағдарлама болып отыр.

Өйткені, қай мекеме болса да, білікті кәсіби тәжірибесі бар мамандырды жұмысқа қабылдаған дұрыс деп ойлайды. Олар көбіне кеше ғана оқу бітірген тәжірибесі жоқ мамандарды алудан бас тартып жатады. Осыған орай елімізде жастар тәжірибелік бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын. Осы бағдарламаның игілігін көптеген жастар көріп отыр.

Осы жерде көпшіліктің назарына сала кететін бір жай, шаһарымыздағы жұмыспен қамту орталығында 767 бос жұмыс орын бар. Осы бос орындарға мамандығыңыз сәйкес келіп жатса, ондағы мамандар сіздерді жұмыспен қамтамасыз ете алады.Тек қажетті құжаттарыңызды жинап, уақытында тапсырсаңыздар болғаны.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77