Біздің Қостанай Социум

Жұмысшы мамандықтарға арналған жеңілдетілген несие енгізілмек

2025 жыл  жұмысшы мамандықтар жылы

Бүгінде ел экономикасының түрлі салаларында еңбек етіп жүрген жұмысшылар үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар енгізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Еліміздің дамуындағы ең маңызды бағыттардың бірі  жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және осы саладағы азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қолдау. 2025 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Бұл жыл аясында үкімет азаматтардың әлауқатын арттырып, жұмысшы кадрлардың сапасын жақсартуға бағытталған кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі.

Жеңілдетілген ипотека бағдарламалары бойынша жұмысшылар тұрғын үй алу кезінде ерекше артықшылықтарға ие болады. Өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, су ресурстары министрліктері кәсіпорындармен, әкімдіктермен және Отбасы банкімен бірлесіп, жұмысшыларға арналған жеңілдетілген ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бағдарламаларын іске қосу мәселелерін мұқият пысықтауы тиіс. Бұл шаралар жұмысшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту арқылы олардың еңбек өнімділігін арттыруға, әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға мүмкіндік береді.

Барлық ісшаралар жүйелі, нәтижелі және олардың әлеуметтікэкономикалық ұзақмерзімді әсері болуы тиіс. Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу мәселелерін үнемі бақылауда ұстайды, деп атап көрсетті үкімет басшысы.

Сонымен қатар, жұмысшы кадрлардың кәсіптік деңгейін арттыру үшін арнайы оқыту бағдарламалары мен біліктілік курстары ұйымдастырылады. Бұл бағдарламалар арқылы жұмысшылар өз саласында заманауи технологияларды меңгеріп, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алады.

Жұмысшы мамандықтар қоғам үшін әрдайым маңызды болған және бола бермек. Бұл жыл жұмысшылардың өмір сапасын арттырып қана қоймай, олардың қоғамдағы беделін көтеруге және еңбек нарығында жаңа мүмкіндіктер ашуға бағытталған. 2025 жыл – еліміздің дамуындағы жұмысшы мамандықтардың жаңа дәуірінің бастауы болмақ.

 

Сурет ашық ақпарат көзінен


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77