Новости Социум

Жүргізуші куәлігін алу жеңілдеді

Ол үшін берілетін медициналық ақынтаманы алу оңайлатылды

Елімізде үстіміздегі жылы көлік жүргізуге рұқсат беретін құжатты алу үшін талап етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізді деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкіметтің» баспасөз қызметі.

Бұдан былай көлік жүргізуші куәлігін рәсімдеу барысындағы медициналық комиссия құрамына бұрынғыдай 7 дәрігер емес, 4 дәрігер ғана кіреді. Олардың ішінде терапевт, окулист, оториноларинголог, психиатр-нарколог. Міне, осы дәрігерлердің тексерісінен өту ғана жеткілікті.

Сондай-ақ  хабарламада қан, дәрет талдамасы, флюрография, психоактивті  заттарды қабылдау бойынша зертханалық анализдерді тапсыру қажет емес делінген.

Сонымен қатар медициналық тексеріс барысында, терапевт дәрігер қандай аурулардың бар-жоғын «Диспансерлі науқастардың электронды тізімі» ақпараттық жүйесі, ал психиатриялық немесе наркологиялық диспансерлердің есебінде тұрмауы жөніндегі ақпаратты мәліметтер базасы арқылы тексере алады.

Атап өтсек, жыл басынан бері 337 мың қазақстандық жүргізуші куәлігін алған.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Сурет ғаламтор желісінен алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77