Культура Новости

Жаңа бағыт, жарқын бастама: өрелі жастар өнер көрсетті

Қостанай ашық лигасының 1/2 финалдық сайысы өтті

«Қостанай облысы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» тапсырмасымен «Мемлекеттік тілде КВН лигасын дамыту» аясында, «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Республикалық «Қостанай ашық лигасының 1/2 финалдық сайысы өтті.

Негізгі көздеген мақсаты – облысымызда қазақша КТК ойындарының қозғалысын дамыту, Жастар жылы аясында қала мен ауылдың өнерлі жастарына қолдау білдіру, дарындырарын жетілдіру, дамыту болып табылады.

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде болған сайысқа Тобыл-Торғай өңірінің өрендері ғана емес, өзге де аймақтан жайдарманшылар келіп өнер көрсетті. Айталық, Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжінен – 7132-Ақтөбе командасы, Орал қаласының Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінен – Europolyus, сондай-ақ, өңірімізден Рудный жастар құрамасы,  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ оқу орындары атынан Бренд-Қостанай, Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінен Есте сақта – Арқалық командасы және Қостанай ауданы, Қостомар ауылының жас өрендері – Қостомар құрамасы.

Сайыс барысы сәлемдесу, ширату және көрініс сынды үш кезеңнен тұрды.

– Жыл сайын ойын түрі әр түрлі форматта өтіп келеді. Дегенмен,  соңғы үш жылда біз Республикалық Қостанай ашық чемпионаты түрінде өткізіп келеміз. Бұл ойындар әрине Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен өтеді. Ал, ұйымдастырушысы «Sanaly urpaq-2050» қоғамдық қоры болып табылады. Жалпы, осы ойынға 5 команда тікелей жолдама алған болатын (резервпен 1 команда) барлығы 6 команда өнер көрсетті. Финалға әділ-қазылар алқасының шешімімен 4 команда жолдама алып отыр. Олар, Орал қаласынан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінен – Europolyus, Рудный жастар құрамасы,  А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ және М. Дулатов атындағы ҚИнЭУ оқу орындары атынан Бренд-Қостанай, Қостомар ауылынан – Қостомар құрамасы, – деді Қостанай «Жайдарман» филиалының директоры Марғұлан Бәкір.

Командалар қағытпа қалжыңмен, астарлы әзілмен барынша қоғамдық мәселелерді ойындарына өзек етті. Ойыншылар ішінде айта кету керек, Рудный құрамасы биылғы  жылы республикалық аренада, телевизиялық лигада облыстың намысын қорғаған болатын. Бұл команда ұдайы жақсы ойын көрсетіп келеді, осы жолы да жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.

Жайдарлы көңіл күй сыйлауға келген ойыншыларға студенттер қауымы қолдау білдіріп, барынша шабыттандырып отырды.

Ұйымдастырушылар қараша айында финалдық сайысты Жастар сарайы ғимаратында өткеруді жоспарлап отыр.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77