Образование

Жаңа оқу жылында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалады

Мектеп формасы әдеттегідей  классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында және үш түсті араластыруға рұқсат етілген

Жаңа оқу жылында мектеп формасы өзгереді деген хабарды естіп,  балаларымызға тағы жаңа киім алу керек бола ма  деп уайымдаған ата-аналар үшін жағымды жаңалық орын алып отыр.

Мектеп формасына қатысты бүгін Қостанай облысы білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова өзінің «Фейсбуктегі» парақшасына «Ата-аналар назарына! Жаңа оқу жылында ата-аналар мектеп формасын таңдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.01.2016 ж. № 26 «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алады. Яғни, оқушылардың формасына қойылатын талаптар өзгеріссіз қалды – классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі.

Ұлдар үшін мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Қыздарға: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады», -деген мәлімет салды.

Осы мәліметке қарағанда, жаңа оқу жылында ата-аналарға балаларын киіндіру аса ауырталық салмайтыны байқалады. Өйткені, оқушылар өткен оқу жылында киген классикалық стильдегі киімдерін жаңа оқу жылында да киетін болады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77