COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106187

Выздоровевших

111492

Зарегистрированных случаев

3616

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Культура Новости

Жаңа қойылымның тұсауы кесілді

Махаббат «ойынына» қатысқан үштіктің тағдыры…

Қара шаңырақ І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында Мар Байджиевтің «Дуэль» (Судағы із) драмасының желісімен жаңа қойылым сахналанды. Жас режиссер Дос Құбаш қойылған пьесаны сахналаушы болып табылады.

– Бұл драманы алғаш Алматыда оқып жүргенде Ғ. Мүсірепов атындағы Жасөспірім көрермендерге арналған театрда көрдім.  Содан бері сахналап көру ойымда жүрген болатын. Түпнұсқаны біраз қысқартып, көрерменді жалықтырып алмауға тырыстым. Бұл туынды өлмейтін, өшпейтін махаббат тықырыбына арналған, – дейді театрдың  қоюшы режиссері Дос Құбаш.

Драма желісі махаббат «ойынына» қатысқан үштіктің тағдырымен өрбиді. Жас сұлу қыздың таңдауына арналған қойылым. Режиссер «Зұлымдыққа да қақпан бар ма? Бір көргеннен сезім оты тұтанды деген рас па?» – деген сұрақтарға жауап бере отырып драманы сезіммен өрмектеген.

Қойылымның бас кейіпкері – Нәзи есімді қыз (Диана Тұрсынова). Нағыз гүлді өмірі шағында сүйген адамының алдауына арбалған бақытсыз бойжеткен күллі еркектен түңілген. Теңіз жағасындағы шағын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін Нәзидің ендігі өмірі есерсоқ Ескендірге (Асылан Кенжетай) байланған. Мейірімнен адыра қалған Ескендір – қатігез қоршаған ортаның құрбаны.

Шипажайға емделуге келген әскери теңізші Әзизбен болған кездейсоқ кездесу  күллі жақсылық атаулыдан күдер үзген Нәзидің өміріне сәуле түсіріп, қыздың дүниетанымын аласапыран етеді…

Премьераны тамашалауға келген облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов шығармашылық ұжымды жаңа қойылыммен құттықтады.

– Қара шаңырақ өзінің жиырмасыншы маусымында жаңа спектакльмен репертуарларын толықтыру үстінде. Бүгінгі жұмыс Дос Құбаштың сіздерге ұсынған еңбегі. Бұл қойылымның көрерменге айтары бар, ой салатын жаңаша оқылған шығарма деп білеміз. Театрдың жас толқын әртістері өздеріне жүктелген міндетті жақсы алып шықты. Сахна декарациясы да жоғары деңгейде жасалған, – деді Ерлан Болатұлы.

Жастарға бағытталған қойылым болғандықтан, баз балалар мен бойжеткендер қатары көп болды.

– Дуэль (Судағы із) қойылымының премьерасы көрермен көңілінен шықты деген ойдамын. Өзіме өте қатты ұнады. Қойылым ішіне төртінші кейіпкер болып, өз әлеміммен арпалысқа түсіп отырдым. «Басқа адамдар үшін өз өміріңді қия аласың ба?» деген Нәзидің Ескендірге қойған сауалына өзімнен жауап іздедім, – дейді көрермен Нұрболат Қабен.

Данияр ИХСАН


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77