Новости Социум

Жаңа қызметке тағайындалды

Әлімжан Бекмағамбетов өңірдегі білімді азамат

Өңір жұртшылығына бүгін сөз етіп отырған Әлімжан Бекмағамбетовтың есімі жақсы таныс. Көпшіл, ізденімпаз, білімді жігітті облыс тұрғындары көптен бері жақсы біледі.

Ол жуырда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Алма Досжанованың арнайы шақыруы және бұйрығымен осы жоғары оқу орнындағы заң факультетінің деканы болып тағайындалды.

Дарынды жерлесіміз жаңа лауазымға бекітілгенге дейін Ресейдің Челябі мемлекеттік университетінің облыстағы филиалы директорының орынбасары ретінде жан-жақтылығымен көпшіліктің назарын аударған еді.

Біз болашағы жарқын, өз елінің нағыз патриоты болып табылатын Әлімжан Бекмағамбетовке алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасында бақыт, декандық қызметінде табыс тілейміз.

Оған ғылымның биік шыңында көре берейік деген шынайы лебізімізді білдіреміз.

Оразалы Жақсанов


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77