Қостанайда әлеуметтік бастамалар аясында жұмыстар жүйелі
Елбасы, Н.Ә.Назарбаевтың ұсынған бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыруда өңірде атқарылған және жасаламақ істер мол. Айталық, жастардың білім алуы мен жатақханамен қамтылуына байналысты орындалатын міндеттер айқын.
Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту басты назарда. Бұл туралы Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Еркін Аманжолұлы әкімдікте өткен жиында баяндады.
Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің бес қабатты 465 орындық жатақханасы бар. Сонымен қатар, оқу орын 135 орындық жалдамалы жатақханаға ие. Университет жанынан тағы да үш қабатты төрт жатақхана бой көтермек. Бұл үшін Жезқазған қаласындағы «Шебер» ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 14 560, 0 мың теңге сомасында келісім-шарт жасалғанын айтты оқу орын ректоры.
– Жобаның жалпы құны шамамен 575 млн 954 мың теңгені құрайды. Жабдықтар, жиһаз және басқа құралдарды сатып алуға 76 млн 945 мың теңге, далалық бақылауға – 30 млн теңге. Жатақхана үшін жер қажет емес.Есеп мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында 8 жылға 122 АЕК (бір төсек-орынға жылына) 336 орынға есептелді. Жалпы, жатақхана пайдалануға берілгеннен кейін 8 жыл ішінде қаржы орталығы 828 миллион теңге төлейді. Жатақхана құрылысына конкурс аяқталды, мердігер адам анықталады:. Олар, құрылысқа мердігерлік шарт – Қарағанды қалалық «Теміртауды реттеу орталығы» ЖШС ағымдағы жылы келісім-шарт жасалды. Құрылысты техникалық қадағалау – Қостанай қалалық «ЛИР» ЖШС шарт жасалды. Сәулеттік қадағалау – жеке кәсіпкерлік Нурмахамбетов Е.К. және «Шебер» ЖШС бас дизайнерімен шарт жасалды. Мердігерлер мен тапсырыс берушілердің жауапты адамдар туралы бұйрықтары, жұмыс кестелері бекітілді, құрылыс жұмыстарын жүргізуге Мемлекеттік автономды құрылыс инспекциясынан жолдама алынды, – деді Еркін Аманжолұлы.
Бүгінгі таңда мердігер ұйым «Теміртау реттеу орталығы» ЖШС монтаж және дайындық жұмыстарын аяқтаған. Айталық, атқарылған жұмыстар ішінде №1 жатақхананың жертөлесінің құрылысы аяқталады. № 2 және №3 жатақханаларда екінші қабаттың қабырғалары мен аралықтарының құрылысы тәмам. № 4 жатақхана үшін шұңқыр қазу басталып кеткен.
Құрылыс алаңында 2 кран, 1 жүк тиегіш көлік, 13 және 15 адамнан құралған құрылысшы екі бригада, 4 жұмысшы, 1 дәнекерлеуші және 1 дәнекерлеушінің көмекшісі жұмыс істеп жатыр.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77