Біздің Қостанай Социум

Жаңа жылда 200-ге жуық жас сарбаз әскери міндетін өтеуге кірісті

1992 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскерлері құрылды, ал 2014 жылғы 21 сәуірде әскерлер Ұлттық ұлан болып өзгертілді

10 қаңтар-ҚР Ұлттық ұлан күні. Биыл ел армиясының беделді бөлімшесі 32 жасқа толады. Атап айтқанда, Ұлттық ұлан болып өзгертілгеніне 10 жыл.
Ұлттық ұлан Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді және жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан қорғауға арналған.

Қостанай облысында 53 жыл бойы өзіне жүктелген әскери-жауынгерлік қызметті қырағылықпен атқарып келе жатқан 6697-шы әскери бөлімінің жеке құрамы өзінің мерекесін тойлауда.

Жалпы адамдардың көбісі Ұлттық ұлан сарбаздары не үшін жүреді, қаланың түкпір-түкпірінде сарбаздар бірден көзге түседі. Жалпы әскерге шақырылған сарбаздар біздің қаламызда да орналасқан бөлімшеде 1 жыл қызмет етеді. Ал егерде келісім бойынша жұмысқа қалғысы келсе, 6 айдан кейін 3 жылға келісімге отырып, әскери жолын бастайды.

– 2023 жылдың ортасында колледжді бітіріп, әскерге шақырылдым. Әскерге өз еркімен келдім. Келген кезде өзімді жақсы көрсетіп, 1-ші атқыштар ротасына бекітілдім. Ротадағы негізгі қызметім, сотталғандардың қашып кетуіне жол бермеу болды. Қызметім барысында қиыншылықтар болды. Оларға тоқталсам сотталған адамдарды қадағалап, заңды бұзатын жағдайда оларға тойтарыс беріп, сотталғандардың арандатуларына шыдап, бекеттің ішінде қызметті жалғастыра білу қажет. Ең бірінші түсінгенім бекетте тұрғанда ең бастысы шыдамдылық, төзімділік, сабырлық, бұйрықты мүлт етпей орындау болып табылады, – дейді келісім бойынша қалған жас сарбаз Сағыныш Құсниден.

Сағыныш қарауылдан бөлек, ротаның ішінде тәуліктік кезекшінің қызметін атқарып жүрді. Осы қызметтің жауапкершілігі өте үлген болып табылады. Бұл қызметте ротаның түгел мүлкіне, қару жарақ сақтайтын бөлменің ішіне бөтен адамдардын кірмеуіне жауап береді. Әскери қызметке келген бетте, екінің бірі келісім бойынша қалғысы келе бермейді.

– Астанада оқуымды бітіріп әскерге шақырылдым. Әскери кызмет барысында үйге деген сағыныш, уақыттың бағасын түсіндім. Менің әскери міндетім көшедегі тәртіпті сақтау және алдын-алу болатын, қызмет барысында заңдарды, байланыс кұралы мен арнайы заттарды пайдалану жане қолдануды үйрендім, – дейді Жезқазғаннан Қостанайға әскери міндетін атқару үшін келген Асқар Байган.

Міне, 2023 жылдың аяғында сарбаздарды үйлеріне салтанатты түрде қайтарып, жаңа жылда 200-ге жуық сарбаз қайта келді. Енді ақпан айында әскери ант береді.

Егер ары қарай осында жұмыс істегілері келсе, 6 айдан кейін келісімге отырады. Қылмыскерді құрықтап сол сәтте қылмыстың әрі қарай өршіп кетпеуінің алдын алып, тиісті жазалау орындарына хабар береді. Қала тыныштығын сақтап жүрген сарбаздар қысы-жазы 6 сағат жүріп, ауысып отырады.

Өз Отанына деген адалдық, Қазақстан армиясының үздік бөлімшелерінің бірінде қызмет еткені үшін мақтаныш, батылдық пен ерліктің үлгілері. Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, құқық бұзушылармен күресіп, төтенше жағдайға тап болған адамдарға көмекке келеді.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77